"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабындағы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың ауданы аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-24-468 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының аумағында ірі қара мал арасында сібір жарасын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. "Карантин белгілеу туралы" Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 6 шешімінің күші жойылған болып танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Ауыл әкімі | А.Арыстанбеков |