Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының әкімінің 21.09.2023 № 7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Жарқайың ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 01-24-434 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының аумағында ірі қара малдың сібір жарасы ауруының туындауына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | А.Арыстанбеков |