Карантинді тоқтату және "Карантин белгілеу туралы" Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының әкімінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабындағы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың ауданы аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-24-468 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының аумағында ірі қара мал арасында сібір жарасын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. "Карантин белгілеу туралы" Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 6 шешімінің күші жойылған болып танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Ауыл әкімі А.Арыстанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады