Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Аманжолов |
Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 100 шешіміне қосымша |
Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | теңге (қосылған құн салығысыз) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 түрғын айына | 165,00 |
Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1 885,72 |