Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 100 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов

  Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 100 шешіміне қосымша

Қарғалы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

теңге (қосылған құн салығысыз)

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 түрғын айына

165,00

Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1 885,72


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады