Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2024 № 91 (01.04.2024 бастап қолданысқа) бұйрығымен.
"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі