Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 91 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық-есептік орталық" акционерлік қоғамы мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы осы бақылау-есепке алу аспаптарының операторы болып белгіленсін.

      2. "Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 762 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады