Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімінің 28.07.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабы және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, 3-тармағы, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Семей қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 4 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (Батпаев орманшылығы 66, 67, 55, 42 кварталдарда) аумағында өрттің шығуына байланысты, Семей қаласында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып, Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қала әкімі | Н. Нұрсағатов |