Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, қала әкімі ШЕШТІ:
1. "Абай облысы Семей қаласының "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрттің шығуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182668 болып тіркелген) Семей қаласы әкімінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Нұрсағатов |