Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 28 наурыздағы Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және Башкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының көшелері қайта аталсын:
"Озерная" көшесі "Ақкөл" көшесіне;
"Целинная" көшесі "Мәңгілік Ел" көшесіне;
"Паровая" көшесі "Алтай" көшесіне;
"Школьная" көшесі "Ұлы дала" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баскөл ауылдық округінің әкімі | К. Бытебаев |