Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 28 наурыздағы Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және Башкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының көшелері қайта аталсын:

      "Озерная" көшесі "Ақкөл" көшесіне;

      "Целинная" көшесі "Мәңгілік Ел" көшесіне;

      "Паровая" көшесі "Алтай" көшесіне;

      "Школьная" көшесі "Ұлы дала" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баскөл ауылдық округінің әкімі К. Бытебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады