Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 07.08.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Бородулиха ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 6 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің аумағындағы Андроновка ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою басшысы етіп тағайындаймын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 24 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Е. Селиханов |