Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің Андроновка ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды алып тастау туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, 33-бабы 2-тармағына, Бородулиха ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясы кезекті отырысының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 13 хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің Андроновка ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай алып тасталсын.

      2. Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 мамырдағы "Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің Андроновка ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 4 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Абдрахмановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады