"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3 тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32469 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тараз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 26 маусымындағы №4 хаттамасының негізінде, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №170 көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығуына байланысты тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, ШЕШТІМ:
1. Тараз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Орынбеков |