"Ұлытау облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 03/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 39/02 қаулысы

      Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлытау облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 29 маусымдағы № 03/16 Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұлытау облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Ұлытау облысының әкімі Б. Әбдіғалиұлы

  Ұлытау облысы әкімінің
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 39/02 қаулысына
қосымша
  Ұлытау облысы әкімінің
2022 жылғы 29 маусымдағы
№ 03/16 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Ұлытау облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұлытау облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика басқармасы) Ұлытау облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік салаларда басшылық жүргізетін мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Үкіметінің, Ұлытау облысы əкімінің жəне əкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сəйкес жүзеге асырады.

      3. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сəйкес осыған уəкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан Азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мəселелері бойынша заңнамада белгіленген тəртіппен Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сəйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100600 Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ұлытау облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесіне Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кəсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер əкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік саясатты жүзеге асыру;

      3) облыста өңірлік даму саясатын іске асыру.

      14. Функциялары:

      1) салалық басқармалармен бірлесіп облыстың даму жоспарын әзірлеу және мониторингілеу;

      2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;

      3) жергілікті атқарушы органның меморандум жобасын әзірлеу;

      4) облыстың, қала және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

      5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұлттық жобаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру, мониторингілеу;

      6) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджетті жоспарлы кезеңге әзірлеу;

      7) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдау;

      8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін. Жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге облыстың даму жоспары мен мемлекеттік органның ережесінде анықталған өкілеттіктер негізінде айқындау;

      9) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қарау және қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;

      10) үш жылдық кезеңге облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау;

      11) үш жылдық кезеңге облыстық бюджет жобасын жасайды және оны облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;

      12) облыстық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

      13) инвестициялық ұсыныстарды қарау, олардың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және оларды бюджет комиссиясының қарауына енгізу;

      14) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестицияларды іске асыруға мониторингті жүргізу;

      15) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асыруы жоспарланған, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық тұжырымдамасын дайындау;

      16) өндіру келісім-шарттарының жобасына, біріккен барлау және өндіру келісім-шарттарының жобаларына, сондай-ақ өндіру бөлігінде бұрын жасалған келісім-шарттарына толықтырулар мен өзгертулердің жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;

      17) жергілікті атқарушы органмен айқындалған, заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының инвестициялық ұсынысына және (немесе) бизнес-жоспарына берілетін қорытындыны дайындау;

      18) іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тізбесін қалыптастыру және бекіту;

      19) Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, орталық атқарушы органдардың, әкімнің және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындау;

      20) бухгалтерлік есеп және есеп беру, кадрлық-құқықтық жұмыстар жұмысы, әкімшілік шаруашылық қызметті жүргізу;

      21) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық сандары лимиттерін белгілеу және көліктік қызмет көрсету туралы қаулысын әзірлейді және әкімдіктің қарауына енгізеді;

      22) облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

      23) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау;

      24) "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға мамандардың қажеттілігін қалыптастыру және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мониторингі;

      25) моно, шағын қалаларды, шекара маңындағы аумақтарды, аудан орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын, ауылдық және кенттік округтер орталықтарын дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мониторингілеу;

      26) "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде жобалардың тізбесін қалыптастыру және олардың мониторингі;

      27) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Мемлекеттік мекемесіне басшылықты Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына жəне оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалады жəне қызметтен босатылады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалатын жəне қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) заңнамаға сəйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды жəне қызметтерінен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тəртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тəртіптік жаза белгілейді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      6) мемлекеттік мекеменің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;

      8) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалар жобаларын және басқа да құжаттарды әзірлеу барысын бақылайды;

      9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есепті материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;

      10) бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын үйлестіреді;

      11) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы атқарылуын бақылайды;

      12) мемлекеттік мекеме қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылымдық бөлімшелер басшыларының өкілеттіктерін айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады.

      23. Мемлекеттік мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.

      24. Мемлекеттік мекеменің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

      25. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті жəне қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тəсілмен билік етуіне құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру жəне тарату

      26. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 29 июня 2022 года № 03/16 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление экономики области Ұлытау"

Постановление акимата области Ұлытау от 28 июля 2023 года № 39/02

      Акимат области Ұлытау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата области Ұлытау от 29 июня 2022 года № 03/16 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление экономики области Ұлытау" следующее изменение:

      положение, утвержденное указанным постановлением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление экономики области Ұлытау" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области Ұлытау.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Аким области Ұлытау Б. Әбдіғалиұлы

  Приложение
к постановлению
акимата области Ұлытау
от 28 июля 2023 года № 39/02
  УТВЕРЖДЕНО
постановлением
акимата области Ұлытау
от 29 июня 2022 года № 03/16

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Управление экономики области Ұлытау"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление экономики области Ұлытау" (далее – Управление экономики) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере стратегического, экономического и бюджетного планирования в области Ұлытау.

      2. Управление экономики осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Управление экономики является юридическим лицом в организационно - правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Управление экономики вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление экономики имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Управление экономики по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательствами Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Управления экономики утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: 100600 Республика Казахстан, область Ұлытау, город Жезказган, площадь Алаша, 1.

      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Управление экономики области Ұлытау".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления экономики.

      11. Финансирование деятельности Управления экономики осуществляется из местного бюджета.

      12. Управлению экономики запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления экономики.

      Если Управлению экономики законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) формирование стратегических целей, приоритетов и основных направлений социально-экономического развития области;

      2) реализация бюджетной политики во взаимодействии с приоритетами социально-экономического развития;

      3) реализация политики в области регионального развития.

      14. Функции:

      1) разработка и мониторинг совместно с отраслевыми управлениями плана развития области;

      2) разработка прогноза социально-экономического развития области;

      3) разработка проекта меморандума местного исполнительного органа;

      4) проведение мониторинга социально-экономического развития области, городов и районов;

      5) реализация, мониторинг Национальных проектов и других документов системы государственного планирования по вопросам, входящим в компетенцию;

      6) разработка местного бюджета на плановый период с учетом прогноза социально-экономического развития области;

      7) прогнозирование поступлений в местный бюджет с учетом прогноза социально-экономического развития области;

      8) определение лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы на основе плана развития области и полномочий, определенных в положении о государственном органе;

      9) рассмотрение и формирование заключений по бюджетным заявкам и проектам бюджетных программ администраторов бюджетных программ, финансируемых из областного бюджета и направление их на рассмотрение бюджетной комиссии области;

      10) определение объемов трансфертов общего характера между областным бюджетом и бюджетами районов (города областного значения) на трехлетний период;

      11) составление проекта областного бюджета на трехлетний период и внесение его на рассмотрение бюджетной комиссии области;

      12) обеспечение деятельности бюджетной комиссии области;

      13) рассмотрение бюджетных инвестиционных предложений, формирование по ним заключения и внесение их на рассмотрение бюджетной комиссии;

      14) проведение мониторинга реализации бюджетных инвестиций за счет средств местного бюджета;

      15) подготовка экономического заключения по финансово-экономическому обоснованию бюджетных инвестиций, планируемых к реализации посредством участия в уставном капитале юридических лиц;

      16) проведения экономической экспертизы проектов контрактов на добычу, проектов контрактов на совмещенную разведку и добычу, а также проектов дополнений и изменений в ранее заключенные контракты в части добычи;

      17) подготовка заключения на инвестиционное предложение и (или) бизнес-план к проекту государственно-частного партнерства на основании экспертизы юридического лица, определенного местным исполнительным органом;

      18) формирование перечня проектов государственного-частного партнерства, планируемых к реализации;

      19) выполнение заданий, поручений Администрации Президента, Аппарата Правительства, центральных исполнительных органов, акима и акимата области;

      20) ведение бухгалтерского учета и отчености, кадрово-правовой работы, административно хозяйственной деятельности;

      21) разработка и внесение на рассмотрение акимата проекта постановления об установлении лимита штатной численности и транспортного обслуживания исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета;

      22) проведение мониторинга социально-экономического развития сельских населенных пунктов;

      23) определение потенциала социально-экономического развития сельских населенных пунктов;

      24) формирование потребности специалистов и мониторинг предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты в рамках программы "С дипломом в село!";

      25) разработка и мониторинг комплексных планов развития моно, малых городов, приграничных территорий, районных центров и опорных сельских населенных пунктов, областного плана мероприятий по развитию центров сельских и поселковых округов;

      26) формирование перечня и мониторинг проектов в рамках проекта "Ауыл – Ел бесігі";

      27) осуществление иных функции, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя

      15. Руководство государственным учреждением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление экономики задач и осуществление им своих функций.

      16. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Первый руководитель государственного учреждения имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:

      1) определяет обязанности и полномочия руководителей структурных подразделений государственного учреждения;

      2) назначает и освобождает от должностей работников государственного учреждения;

      3) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение сотрудников государственного учреждения;

      4) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения;

      5) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      6) утверждает положения о структурных подразделениях государственного учреждения;

      7) представляет государственное учреждение в государственных органах и иных организациях;

      8) контролирует ход разработки нормативных правовых актов, проектов программ и других документов по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения;

      9) контролирует работу по подготовке отчетных материалов по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения;

      10) координирует ход реализации бюджетных программ;

      11) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств;

      12) обеспечивает соблюдение законности, договорной и финансовой дисциплины в деятельности государственного учреждения;

      13) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

      21. Первый руководитель определяет полномочия руководителей структурных подразделений в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения

      22. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      23. Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением относится к коммунальной собственности.

      25. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.