"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 19 шілде қорытындысы негізінде, Ақтас кенті халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Саран қаласының Ақтас кентінің көшелері қайта аталсын:
Ленинградская көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;
Бородина көшесі Бейбітшілік көшесіне;
Городская көшесі Кеншілер көшесіне;
Привольная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
8-ші Март және Трансортная көшелерін біріктіріп - Қаныш Сәтбаев көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б.Аканов |