Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 19 шілде қорытындысы негізінде, Ақтас кенті халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Саран қаласының Ақтас кентінің көшелері қайта аталсын:

      Ленинградская көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Бородина көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      Городская көшесі Кеншілер көшесіне;

      Привольная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      8-ші Март және Трансортная көшелерін біріктіріп - Қаныш Сәтбаев көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б.Аканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады