Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округінің әкімінің 13.02.2024 № 1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 5 шілдедегі №15-4-1/232 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ауыл шаруашылығы жануарларының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәди ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы | А.Дюсенбеков |