Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 3 шешімі. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округінің әкімінің 13.02.2024 № 1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 5 шілдедегі №15-4-1/232 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ауыл шаруашылығы жануарларының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәди ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы А.Дюсенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады