Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров ауылдық округінің әкімінің 29.02.2024 № 2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №15-4-1/474 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдарының арасында құтыру ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қарашасындағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н.Әбдіров ауылдық округінің әкімі | А. Бейсенбеков |