Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 2 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылғы 27 ақпандағы №15-4-1/116 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы ауылының аумағында ірі қара малдарының арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Н.Әбдіров ауылдық округінің әкімі А. Бейсенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады