Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы" 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №16/176 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі 1 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1) Аудан және қала бюджеттерінен облыстық бюджетке 2023 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар -15 067 248 мың теңге, оның ішінде:
Қарақия ауданынан – 4 136 468 мың теңге;
Ақтау қаласы – 10 930 780 мың теңге сомасында белгіленсін."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Ж. Матаев |