Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/176 "2023 - 2025 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/43 шешімі

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы" 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №16/176 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қазақ тіліндегі 1 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) Аудан және қала бюджеттерінен облыстық бюджетке 2023 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар -15 067 248 мың теңге, оның ішінде:

      Қарақия ауданынан – 4 136 468 мың теңге;

      Ақтау қаласы – 10 930 780 мың теңге сомасында белгіленсін."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады