Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 14.11.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) негізінде Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Қосуақов |