Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2023 жылғы 4 тамыздағы № 326 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 2 қарашадағы | |
№ 469 қаулысына | |
1-қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 4 тамыздағы | |
№ 326 қаулысына | |
1-қосымша |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мамандықтардың коды және атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылында бір білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар құны (теңге) | |
2023 жыл | 2024 жыл | |||
1 | 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 303 | 140 755 | 285 643 |
2 | 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 160 | 140 755 | 285 643 |
3 | 01140500 Дене тәрбиесі және спорт | 314 | 140 755 | 285 643 |
4 | 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 65 | 140 755 | 285 643 |
5 | 01140700 Информатика | 50 | 140 755 | 285 643 |
6 | 01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша) | 193 | 150 825 | 305 989 |
7 | 02120100 Интерьер дизайны | 40 | 155 705 | 316 886 |
8 | 02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 37 | 396 234 | 796 601 |
9 | 02150200 Музыка теориясы | 3 | 411 184 | 827 844 |
10 | 02150300 Вокалдық өнер | 5 | 411 184 | 827 844 |
11 | 02150400 Хорды дирижерлау | 8 | 411 184 | 827 844 |
12 | 02151000 Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 93 | 411 184 | 827 844 |
13 | 02310100 Аударма ісі (түрлері бойынша) | 70 | 143 055 | 290 449 |
14 | 03220100 Кітапхана ісі | 30 | 140 755 | 285 643 |
15 | 03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану | 50 | 140 755 | 285 643 |
16 | 04110100 Есеп және аудит | 385 | 150 825 | 305 989 |
17 | 04120100 Банк және сақтандыру ісі | 80 | 143 055 | 290 449 |
18 | 04120200 Бағалау (түрлері бойынша) | 26 | 143 055 | 290 449 |
19 | 04130100 Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | 98 | 143 055 | 290 449 |
20 | 04130200 Логистика (салалар бойынша) | 51 | 143 055 | 290 449 |
21 | 04140100 Маркетинг (салалар бойынша) | 52 | 143 055 | 290 449 |
22 | 05220100 Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) | 25 | 155 705 | 316 886 |
23 | 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 77 | 150 825 | 305 989 |
24 | 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 334 | 143 055 | 290 449 |
25 | 07110400 Зертханалық технология | 15 | 155 705 | 316 886 |
26 | 07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 71 | 155 705 | 316 886 |
27 | 07130400 Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) | 19 | 155 705 | 316 886 |
28 | 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) | 177 | 155 705 | 316 886 |
29 | 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) | 101 | 143 055 | 290 449 |
30 | 07140500 Сандық техника (түрлері бойынша) | 50 | 143 055 | 290 449 |
31 | 07140600 Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 40 | 143 055 | 290 449 |
32 | 07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару | 25 | 143 055 | 290 449 |
33 | 07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | 143 | 155 705 | 316 886 |
34 | 07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша) | 26 | 155 705 | 316 886 |
35 | 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 333 | 163 475 | 332 426 |
36 | 07151100 Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша) | 25 | 155 705 | 316 886 |
37 | 07151200 Құю өндірісі | 15 | 155 705 | 316 886 |
38 | 07151300 Қара металдар металлургиясы | 25 | 155 705 | 316 886 |
39 | 07160500 Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 46 | 155 705 | 316 886 |
40 | 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 275 | 163 475 | 332 426 |
41 | 07161400 Автомобиль құрастыру | 25 | 155 705 | 316 886 |
42 | 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру | 224 | 171 244 | 347 965 |
43 | 07210300 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі* | 103 | 206 276 | 419 269 |
44 | 07211200 Элеватор, ұн тартатын, жарма және құрама жем өндірісі | 26 | 155 705 | 316 886 |
45 | 07221400 Жиһаз өндірісі | 50 | 155 705 | 316 886 |
46 | 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу* | 90 | 206 276 | 419 269 |
47 | 07240200 Маркшейдерлік ісі | 25 | 155 705 | 316 886 |
48 | 07240300 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу | 75 | 155 705 | 316 886 |
49 | 07240500 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) | 26 | 155 705 | 316 886 |
50 | 07240600 Жер асты құрылымдарының құрылысы | 26 | 155 705 | 316 886 |
51 | 07310100 Архитектура | 25 | 155 705 | 316 886 |
52 | 07310200 Геодезия және картография | 25 | 155 705 | 316 886 |
53 | 07310300 Жерге орналастыру | 26 | 155 705 | 316 886 |
54 | 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану* | 170 | 188 760 | 383 617 |
55 | 07320700 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану | 75 | 155 705 | 316 886 |
56 | 07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану | 25 | 155 705 | 316 886 |
57 | 07880100 Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) | 27 | 140 755 | 285 643 |
58 | 08110100 Агрономия | 50 | 150 825 | 305 989 |
59 | 08110500 Зоотехния | 25 | 143 055 | 290 449 |
60 | 08210100 Орман шаруашылығы | 18 | 143 055 | 290 449 |
61 | 08410100 Ветеринария | 69 | 150 825 | 305 989 |
62 | 09120100 Емдеу ісі | 155 | 604 300 | 763 900 |
63 | 09130100 Мейіргер ісі | 239 | 604 300 | 763 900 |
64 | 09130200 Акушерлік іс | 24 | 604 300 | 763 900 |
65 | 09140100 Лабораториялық диагностика | 20 | 604 300 | 763 900 |
66 | 09230100 Әлеуметтік жұмыс | 25 | 143 055 | 290 449 |
67 | 10120100 Шаштараз өнері | 25 | 155 705 | 316 886 |
68 | 10130100 Қонақ үй бизнесі | 25 | 143 055 | 290 449 |
69 | 10130200 Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 25 | 143 055 | 290 449 |
70 | 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру | 363 | 163 475 | 332 426 |
71 | 10410200 Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 95 | 155 705 | 316 886 |
72 | 10410300 Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 25 | 155 705 | 316 886 |
Барлығы | 6161 |
Ескертпе:
* ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтар қатарынан кадрлар даярлау мүмкін болатын мамандық.
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 2 қарашадағы | |
№ 469 қаулысына | |
2-қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 4 тамыздағы | |
№ 326 қаулысына | |
2-қосымша |
Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мамандықтардың коды және атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылында бір білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар құны (теңге) | |
2023 жыл | 2024 жыл | |||
1 | 01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 50 | 140 755 | 285 643 |
2 | 04110100 Есеп және аудит | 54 | 143 055 | 290 449 |
3 | 04140100 Маркетинг (салалар бойынша) | 60 | 143 055 | 290 449 |
4 | 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 30 | 143 055 | 290 449 |
5 | 09130100 Мейіргер ісі | 80 | 604 300 | 763 900 |
Барлығы | 274 |