"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 4 тамыздағы | |
№ 326 қаулысына | |
1-қосымша |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 27.12.2023 № 568 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Мамандықтардың коды және атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылында бір білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) | |
2023 жыл | 2024 жыл | |||
1 | 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 303 | 140 755 | 287 963 |
2 | 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 160 | 140 755 | 287 963 |
3 | 01140500 Дене тәрбиесі және спорт | 314 | 140 755 | 287 963 |
4 | 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 65 | 140 755 | 287 963 |
5 | 01140700 Информатика | 50 | 140 755 | 287 963 |
6 | 01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша) | 193 | 150 825 | 308 425 |
7 | 02120100 Интерьер дизайны | 40 | 155 705 | 319 960 |
8 | 02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 37 | 396 234 | 798 921 |
9 | 02150200 Музыка теориясы | 3 | 411 184 | 830 918 |
10 | 02150300 Вокалдық өнер | 5 | 411 184 | 830 918 |
11 | 02150400 Хорды дирижерлау | 8 | 411 184 | 830 918 |
12 | 02151000 Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 93 | 411 184 | 830 918 |
13 | 02310100 Аударма ісі (түрлері бойынша) | 70 | 143 055 | 292 885 |
14 | 03220100 Кітапхана ісі | 30 | 140 755 | 287 963 |
| 03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану | 50 | 140 755 | 287 963 |
16 | 04110100 Есеп және аудит | 385 | 150 825 | 308 425 |
17 | 04120100 Банк және сақтандыру ісі | 80 | 143 055 | 292 885 |
18 | 04120200 Бағалау (түрлері бойынша) | 26 | 143 055 | 292 885 |
19 | 04130100 Менеджмент (қолдану салалары бойынша) | 98 | 143 055 | 292 885 |
20 | 04130200 Логистика (салалар бойынша) | 51 | 143 055 | 292 885 |
21 | 04140100 Маркетинг (салалар бойынша) | 52 | 143 055 | 292 885 |
22 | 05220100 Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) | 25 | 155 705 | 319 960 |
23 | 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 77 | 150 825 | 308 425 |
24 | 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)* | 334 | 143 055 | 292 885 |
25 | 07110400 Зертханалық технология | 15 | 155 705 | 319 960 |
26 | 07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 71 | 155 705 | 319 960 |
27 | 07130400 Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) | 19 | 155 705 | 319 960 |
28 | 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) | 177 | 155 705 | 319 960 |
29 | 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) | 101 | 143 055 | 292 885 |
30 | 07140500 Сандық техника (түрлері бойынша) | 50 | 143 055 | 292 885 |
31 | 07140600 Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 40 | 143 055 | 292 885 |
32 | 07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару | 25 | 143 055 | 292 885 |
33 | 07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | 143 | 155 705 | 319 960 |
34 | 07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша) | 26 | 155 705 | 319 960 |
35 | 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 333 | 163 475 | 335 500 |
36 | 07151100 Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша) | 25 | 155 705 | 319 960 |
37 | 07151200 Құю өндірісі | 15 | 155 705 | 319 960 |
38 | 07151300 Қара металдар металлургиясы | 25 | 155 705 | 319 960 |
39 | 07160500 Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 46 | 155 705 | 319 960 |
40 | 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 275 | 163 475 | 335 500 |
41 | 07161400 Автомобиль құрастыру | 25 | 155 705 | 319 960 |
42 | 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру | 224 | 171 244 | 351 039 |
43 | 07210300 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі * | 103 | 206 276 | 423 039 |
44 | 07211200 Элеватор, ұн тартатын, жарма және құрама жем өндірісі | 26 | 155 705 | 319 960 |
45 | 07221400 Жиһаз өндірісі | 50 | 155 705 | 319 960 |
46 | 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу* | 90 | 206 276 | 423 039 |
47 | 07240200 Маркшейдерлік ісі | 25 | 155 705 | 319 960 |
48 | 07240300 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу | 75 | 155 705 | 319 960 |
49 | 07240500 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) | 26 | 155 705 | 319 960 |
50 | 07240600 Жер асты құрылымдарының құрылысы | 26 | 155 705 | 319 960 |
51 | 07310100 Архитектура | 25 | 155 705 | 319 960 |
52 | 07310200 Геодезия және картография | 25 | 155 705 | 319 960 |
53 | 07310300 Жерге орналастыру | 26 | 155 705 | 319 960 |
54 | 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану * | 170 | 188 760 | 387 039 |
55 | 07320700 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану | 75 | 155 705 | 319 960 |
56 | 07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану | 25 | 155 705 | 319 960 |
57 | 07880100 Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) | 27 | 140 755 | 287 963 |
58 | 08110100 Агрономия | 50 | 150 825 | 308 425 |
59 | 08110500 Зоотехния | 25 | 143 055 | 292 885 |
60 | 08210100 Орман шаруашылығы | 18 | 143 055 | 292 885 |
61 | 08410100 Ветеринария | 69 | 150 825 | 308 425 |
62 | 09120100 Емдеу ісі | 155 | 604 300 | 763 900 |
63 | 09130100 Мейіргер ісі | 239 | 604 300 | 763 900 |
64 | 09130200 Акушерлік іс | 24 | 604 300 | 763 900 |
65 | 09140100 Лабораториялық диагностика | 20 | 604 300 | 763 900 |
66 | 09230100 Әлеуметтік жұмыс | 25 | 143 055 | 292 885 |
67 | 10120100 Шаштараз өнері | 25 | 155 705 | 319 960 |
68 | 10130100 Қонақ үй бизнесі | 25 | 143 055 | 292 885 |
69 | 10130200 Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 25 | 143 055 | 292 885 |
70 | 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру | 363 | 163 475 | 335 500 |
71 | 10410200 Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 95 | 155 705 | 319 960 |
72 | 10410300 Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 25 | 155 705 | 319 960 |
Барлығы | 6161 |
Ескертпе:
*ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтар қатарынан кадрлар даярлау мүмкін болатын мамандық.
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 4 тамыздағы | |
№ 326 қаулысына | |
2-қосымша |
Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 27.12.2023 № 568 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Мамандықтардың коды және атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылында бір білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) | |
2023 жыл | 2024 жыл | |||
1 | 01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 50 | 140 755 | 287 963 |
2 | 04110100 Есеп және аудит | 54 | 143 055 | 292 885 |
3 | 04140100 Маркетинг (салалар бойынша) | 60 | 143 055 | 292 885 |
4 | 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 30 | 143 055 | 292 885 |
5 | 09130100 Мейіргер ісі | 80 | 604 300 | 763 900 |
Барлығы | 274 |