"Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 16 шешімі.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Мәслихаттың 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 180 "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков

  Маслихаттың
  2023 жылғы 17 сәуірдегі
  № 16 шешімімен
  бекітілген

"Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) сәйкес әзірленді және "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мәслихат аппараты) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін мәслихат аппараты қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Үлгілік әдістеме негізінде Рудный қалалық мәслихатының бірінші басшысы бекітеді.

      3. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жоғары тұрған басшы - бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам;

      2) тікелей басшы - мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;

      3) бағалаушы адам - мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және/немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобы;

      4) мәслихат аппаратының басшысы - Е-2 санатындағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

      5) "Б" корпусының қызметшісі - мәслихат аппаратының басшысын қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;

      6) бағаланатын адам - мәслихат аппаратының басшысы немесе "Б" корпусының қызметшісі;

      7) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі - НМИ) - мәслихат аппаратының басшысы үшін белгіленетін және мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;

      8) саралау әдісі – "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық пен дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігі - бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып анықталатын бағалау әдісі;

      9) 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобына сауалнама жүргізу арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;

      10) калибрлеу сессиялары - бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін бағалаушы адамдардың мерзімді кездесулері;

      11) бағаланатын кезең - мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.

      4. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) персоналды басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз жеткізгіштерде не мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.

      Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері негізінде жүргізіледі.

      Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың "Б" корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 15.08.2023 № 56 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      5. НМИ қол жеткізу және саралау әдісі бойынша бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша жыл қорытындысы бойынша - есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      НМИ және саралау бойынша қорытынды баға "Б" корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан құралады.

      6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағалау жүргізу кезеңінде бағаланатын қызметші еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда, қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 15.08.2023 № 56 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      7. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      8. Бағалау нәтижелері келесі саралау бойынша қойылады:

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады",

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз баға).

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады" нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады" нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады" нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.

      9. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 15.08.2023 № 56 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      10. 360 әдісі бойынша бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

      11. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің басшысы (бұдан әрі – бөлім басшысы), ол болмаған жағдайда – бөлім басшысының міндеттерін атқару жүктелген адам, соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте бөлім басшысы ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін бағалау кестесін құрастырады.

      12. Бөлім басшысы бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 15.08.2023 № 56 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      13. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу туралы еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

      14. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      15. Бағалауға байланысты құжаттар мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінде бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл бойы, сондай-ақ ақпараттық жүйеде техникалық мүмкіндік болған кезде сақталады.

      16. Бағалау нәтижелері қатаң құпия ақпарат болып табылады және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.

      17. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді бөлім басшысы барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен қарайды.

      18. Бағалаушы адам мыналарға жауапты болады:

      1) бағаланатын кезеңдегі мәслихат аппараты жұмысының жалпы нәтижелерін бағаланушы адамдардың назарына жеткізу;

      2) НМИ уақытылы қоюды, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету;

      3) бағаланатын кезең ішінде НМИ орындау деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметінің қорытынды бағасы мен конструктивті кері байланысты ұсыну; бағаланатын адамдардың функционалдық міндеттерін орындау дәрежесіне бағаланатын кезеңде тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметкердің қызметінің қорытынды бағасы және конструктивті кері байланысты ұсыну;

      4) бағалау процесінде, бағаланатын адамдарды бағалау бойынша даулы мәселелерді шешуге, олар туындаған жағдайда, калибрлік сессияларға қатысу.

      19. Бағаланатын адам мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) олардың НМИ/қойылған міндеттерді орындау дәрежесіне жүйелі мониторинг жүргізу;

      2) 360 әдісі бойынша оның қызметін бағалау шеңберінде уақтылы өзін өзі бағалауды жүргізу;

      3) қызметті бағалау нәтижелерін талқылау бойынша басшымен кездесулерге қатысу.

      20. Бөлім басшысы қамтамасыз етеді:

      1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қоса алғанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу;

      2) НМИ уақытылы талдау және келісу;

      3) қажет болған жағдайда басшы мен қызметкердің кездесулеріне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру арқылы даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

      4) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әрбір қызметкер бойынша ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;

      5) есепті кезеңдегі қызметті бағалау шеңберінде қажетті құжаттардың толықтығы мен уақтылы толтырылуы, қажетті есептік жазбаларды енгізу, қызметкерлердің қызметін бағалау шеңберінде қызметкерлерге тиісті хабарламалар жіберу.

      21. Бағалау нәтижелері тек бағаланатын адамға, бағалаушыға, бөлім басшысына және калибрлеу сессияларының қатысушыларына ғана белгілі болуы мүмкін.

2 тарау. Мәслихат аппараты басшысын НМИ қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі

      22. Мәслихат аппараты басшысының қызметін бағалау НМИ жетістіктерін бағалау әдісі негізінде жүзеге асырылады.

      23. НМИ бағалаушы адам бөлім басшысының келісімі бойынша Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалатын мәслихат аппараты басшысының жеке жұмыс жоспарында белгіленеді.

      Қызметші лауазымға тағайындалған кезде бағаланатын кезең басталғаннан кейін НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде белгіленеді.

      Бұл ретте, НМИ белгіленген (бекітілген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бөлім басшысы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) ақпараттық жүйеде жеке жұмыс жоспарын орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Егер қызметшінің тағайындалған күнінен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім үш айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді.

      Мәслихат аппараты басшысының НМИ қол жеткізуін бағалауды бағалаушы адам 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады.

      Бұл ретте бөлім басшысы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) оны бағалаушы адамға осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес бағалаудың соңғы күні басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      24. НМИ үштен беске дейінгі мөлшерде белгіленеді және бағаланатын кезеңнің соңына дейін бағаланатын адам қызметінің күтілетін нақты нәтижелерін көрсетуі тиіс.

      25. НМИ мақсатқа қол жеткізу өлшемінің сандық және сапалық индикаторларынан тұруы тиіс және:

      1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді) болуы;

      2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді) болуы;

      3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді) болуы;

      4) уақытпен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ қол жеткізуі мерзімі белгіленеді) болуы;

      5) мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған болуы тиіс.

      26. НМИ-ге өзгерістер енгізуге НМИ қол жеткізуге тікелей әсер ететін мемлекеттік органның функциялары мен құрылымы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      27. Ақпараттық жүйе не ол болмаған жағдайда бөлім басшысы мәслихат аппаратының басшысына есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей оған қатысты бағалау жүргізілгені туралы хабарлайды.

      28. Бағалау парағы бағалаушы адамға ақпараттық жүйе арқылы не ол болмаған жағдайда бөлім басшысы қарау үшін жіберіледі.

      Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы адам Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында бағалар (0-ден 5-ке дейін) қояды.

      Бағалау кезінде бағалаушы адам Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша негізгі нысаналы индикаторды іске асыру пайызына қарай рұқсат етілген бағалауды айқындау кестесін пайдаланады.

3 тарау. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі

      29. "Б" корпусының қызметшілерін бағалау саралау әдісі бойынша жүзеге асырылады.

      30. "Б" корпусы қызметшілерін саралау әдісі бойынша бағалауды мәслихат аппаратының басшысы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органда жұмыс істейтін ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

      31. Ақпараттық жүйе не ол болмаған жағдайда бөлім басшысы "Б" корпусының қызметшісін оған қатысты бағалау жүргізілгені туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      32. Бағалау парағын бағалаушы адамға ақпараттық жүйе не ол болмаған жағдайда бөлім басшысы жібереді.

      Бағалаушы адам Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында бағалар (0-ден 5-ке дейін) қояды.

      33. Функционалдық міндеттерді орындау кезінде қол жеткізілген нәтижелер деңгейін, сондай-ақ бағаланатын кезеңде орындалатын жұмыстың көлемі мен күрделілігін ескере отырып, "Б" корпусы қызметшілерін бағалау мынадай параметрлер бойынша айқындалады:

      функционалдық міндеттерді орындау сапасы;

      тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау;

      дербестік және бастамашылық;

      еңбек тәртібі.

4 тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі

      34. 360 әдісі бойынша бағалау жылына бір рет ақпараттық жүйеде жасырын жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі.

      Мәслихат аппаратының басшысы Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 360 әдісімен, "Б" корпусының қызметшілері Үлгілік әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалаудан өтеді.

      35. 360 әдісімен бағаланатын адамдардың санатына қарай мынадай құзыреттер бағаланады:

      мәслихат аппаратының басшысы үшін:

      қызметті басқару;

      тиімді коммуникацияларды құру;

      әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;

      өзгерістерді басқару;

      нәтижеге бағдарлану;

      дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;

      топты басқару;

      көшбасшылық қасиеттер;

      ынтымақтастық;

      жеделділік;

      өзін-өзі дамыту;

      бастамашылық;

      "Б" корпусының қызметшілері үшін:

      тиімді коммуникацияларды құру;

      әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану;

      өзгерістерді басқару;

      нәтижеге бағдарлану;

      дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары;

      ынтымақтастық;

      жеделділік;

      өзін-өзі дамыту.

      36. Сауалнамаға қатысатын адамдардың саны ақпараттық жүйемен жеке айқындалатын кемінде үш және жеті адамнан аспауға не ол болмаған жағдайда әрбір бағаланатын адам үшін бөлім басшысы болуға тиіс.

      Қызметкерді 360 әдісімен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы да қарастырылған. Бұл ретте қорытынды нәтижелерде қызметшінің өзін-өзі бағалауы ескерілмейді.

      Сауалнама алынатын адамдардың қатарына қосылады:

      1) тікелей басшы;

      2) бағаланатын адамға тікелей бағынатын "Б" корпусының қызметшісі;

      3) лауазымы бойынша бағаланушы адаммен бір деңгейде және онымен тығыз жұмыс істейтін адамдар.

      37. Бөлім басшысы 360-әдіс бойынша бағалау процесін басқарады, жеке есептерді жасайды және Үлгілік әдістеменің 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша 360-ты бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс ұсынуды ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру семинарларының және қайта даярлау курстарының тақырыптарын қалыптастыру кезінде бөлім басшысы 360 әдісті бағалау нәтижелерін, оның ішінде қызметшінің ең аз анықталған құзыреттерін ескеруі тиіс.

5 тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

      38. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.

      39. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын бекітеді.

      40. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күні ішінде осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

      41. Бөлім басшысы калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.

      42. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасын дәлелдейді.

      Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушының бағасын қолдай алады немесе бағалауды түзету үшін дәлелдер келтіре алады.

      Бағалауды түзету көтерілу жағына да, төмендеу жағына да жүзеге асырылады.

      Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының көпшілік даусымен қабылданады және тиісті хаттамамен ресімделеді. Бөлім басшысы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастыруды қамтамасыз етеді.

      43. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесулер өткізеді және қорытынды бағалау нәтижелері туралы кері байланыс ұсынады.

      Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланады:

      бағаланатын кезеңдегі жетістіктерге шолу;

      машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;

      қызметкердің әлеуетіне шолу және мансаптық ұмтылыстарын талқылау.

      Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Рудненского городского маслихата"

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 17 апреля 2023 года № 16.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Рудненский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Рудненского городского маслихата".

      2. Отменить решение маслихата от 28 декабря 2022 года № 180 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Рудненского городского маслихата".

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его принятия.

      Председатель городского маслихата А. Искаков

  Утверждена
  решением маслихата
  от 17 апреля 2023 года
  № 16

Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Рудненского городского маслихата"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Рудненского городского маслихата" (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" (далее - Закон), Типовой методикой оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее - Типовая методика), утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 16 января 2018 года № 13 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16299) и определяет порядок оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Рудненского городского маслихата" (далее - аппарат маслихата).

      2. Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата маслихата утверждается первым руководителем Рудненского городского маслихата на основе Типовой методики с учетом специфики деятельности аппарата маслихата.

      3. Основные используемые понятия в настоящей Методике:

      1) вышестоящий руководитель - лицо, по отношению к которому непосредственный руководитель оцениваемого служащего находится в прямом подчинении;

      2) непосредственный руководитель - вышестоящее по государственной должности лицо, по отношению к которому государственный служащий находится в прямом подчинении в соответствии с его должностной инструкцией;

      3) оценивающее лицо - непосредственный руководитель и/или вышестоящий руководитель в зависимости от специфики деятельности государственного органа, а также круг лиц из рабочего окружения оцениваемого лица при оценке методом 360;

      4) руководитель аппарата маслихата - административный государственный служащий корпуса "Б" категории Е - 2;

      5) служащий корпуса "Б" - лицо, занимающее административную государственную должность корпуса "Б", за исключением руководителя аппарата маслихата;

      6) оцениваемое лицо - руководитель аппарата маслихата или служащий корпуса "Б";

      7) ключевые целевые индикаторы (далее - КЦИ) - показатели, устанавливаемые для руководителя аппарата маслихата и направленные на повышение эффективности деятельности государственного органа;

      8) метод ранжирования - метод оценки, при котором оценка деятельности служащих корпуса "Б" определяется с учетом степени их соответствия параметрам оценки - качество выполнения функциональных обязанностей, соблюдение сроков выполнения задач, инициативность и самостоятельность, соблюдение трудовой дисциплины, объем и сложность выполняемой работы;

      9) метод 360 - метод оценки, направленный на выявление наличия у оцениваемого лица требуемых компетенций путем опроса круга лиц из рабочего окружения оцениваемого лица;

      10) калибровочные сессии - периодические встречи оценивающих лиц для обсуждения, возможной корректировки и утверждения результатов оценки деятельности оцениваемых лиц;

      11) оцениваемый период - период оценки результатов работы государственного служащего.

      4. Оценка деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы посредством единой информационной системы по управлению персоналом (далее – информационная система). При этом в случае отсутствия технической возможности оценка проводится на бумажных носителях, либо в информационных системах, функционирующих в государственных органах.

      Оценка осуществляется на основании результатов достижения КЦИ, методами ранжирования и 360 в зависимости от категории должности оцениваемого лица.

      Оценка служащих корпуса "Б" государственных органов, в которых введена система автоматизированной оценки проводится с учетом особенностей, определенных внутренними документами данных государственных органов.

      Cноска. Пункт 4 – в редакции решения маслихата города Рудного Костанайской области от 15.08.2023 № 56 (вводится в действие со дня его принятия).

      5. Оценка по достижению КЦИ и методу ранжирования проводится по итогам квартала – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом, по методу 360 проводится по итогам года – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным годом.

      Итоговая оценка по КЦИ и ранжированию складывается из средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы.

      6. Оценка не проводится в случаях, если срок пребывания оцениваемого служащего на конкретной должности в оцениваемом периоде составляет менее одного месяцев. Если в период проведения оценки оцениваемый служащий находится в трудовом или социальном отпуске, периоде временной нетрудоспособности, командировке, стажировке, переподготовке или повышении квалификации, оценка служащего по достижению КЦИ проводится в течение пяти рабочих дней после выхода на работу, оценка по методу ранжирования и/или 360 проводится без его участия в установленные пунктом 5 сроки.

      Cноска. Пункт 6 – в редакции решения маслихата города Рудного Костанайской области от 15.08.2023 № 56 (вводится в действие со дня его принятия).

      7. Оценка служащих, уволенных из государственного органа до окончания оцениваемого периода, проводится без их участия в установленные пунктом 5 сроки.

      8. Результаты оценки выставляются по следующей градации:

      "Выполняет функциональные обязанности эффективно",

      "Выполняет функциональные обязанности надлежащим образом",

      "Выполняет функциональные обязанности удовлетворительно",

      "Выполняет функциональные обязанности не удовлетворительно" (неудовлетворительная оценка).

      Результату "Выполняет функциональные обязанности эффективно" соответствует диапазон оценок от 4 до 5 баллов, "Выполняет функциональные обязанности надлежащим образом" от 3 до 3,99 баллов, "Выполняет функциональные обязанности удовлетворительно" от 2 до 2,99 баллов, "Выполняет функциональные обязанности не удовлетворительно" от 0 до 1,99 баллов.

      9. Результаты достижения КЦИ и результаты оценки по методу ранжирования являются основанием для принятия решений по выплате бонусов, поощрению, обучению, ротации, повышению, понижению в государственной должности либо увольнению.

      Cноска. Пункт 9 – в редакции решения маслихата города Рудного Костанайской области от 15.08.2023 № 56 (вводится в действие со дня его принятия).

      10. Результаты оценки по методу 360 являются основанием для принятия решений по обучению служащего.

      11. Организационное сопровождение оценки обеспечивается руководителем отдела организационно - кадровой работы аппарата маслихата (далее – руководитель отдела), в случае его отсутствия – лицом, на которое возложено исполнение обязанностей руководителя отдела, в том числе посредством информационной системы.

      При этом руководителем отдела в информационной системе создается график оценки служащих, который утверждается должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности административного государственного служащего корпуса "Б".

      12. Руководитель отдела обеспечивает ознакомление оцениваемого служащего с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      Cноска. Пункт 12 – в редакции решения маслихата города Рудного Костанайской области от 15.08.2023 № 56 (вводится в действие со дня его принятия).

      13. В случае несогласия с результатами оценки служащий обращается с соответствующим заявлением в произвольной форме о проведении калибровочной сессии к должностному лицу, имеющему право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности административного государственного служащего корпуса "Б" в течение пяти рабочих дней со дня ознакомления с результатами оценки.

      14. Решение калибровочной сессии может быть обжаловано государственным служащим в соответствии с установленным порядком Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      15. Документы, связанные с оценкой, хранятся в структурном подразделении аппарата маслихата в течение трех лет со дня завершения оценки, а также при наличии технической возможности в информационной системе.

      16. Результаты оценки являются строго конфиденциальной информацией и не подлежат разглашению третьим лицам, за исключением случаев, когда государственный орган обязан раскрыть данную информацию в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации".

      17. Разногласия, связанные с процедурой оценки, рассматриваются руководителем отдела при содействии всех заинтересованных лиц и сторон.

      18. Оценивающее лицо обеспечивает:

      1) доведение до сведения оцениваемых лиц общих результатов работы аппарата маслихата за оцениваемый период;

      2) своевременную постановку, согласование и утверждение КЦИ;

      3) проведение в течение оцениваемого периода регулярного мониторинга степени выполнения КЦИ и предоставление им итоговой оценки деятельности и конструктивной обратной связи; проведение в течение оцениваемого периода регулярного мониторинга степени выполнения функциональных обязанностей оцениваемыми лицами и предоставление им итоговой оценки деятельности работника и конструктивной обратной связи;

      4) участие в калибровочных сессиях и в решении спорных вопросов по оценке оцениваемых лиц, в случае их возникновения в процессе оценки.

      19. Оцениваемое лицо обеспечивает:

      1) проведение регулярного мониторинга степени выполнения им КЦИ/поставленных задач;

      2) проведение своевременной самооценки в рамках оценки его деятельности по методу 360;

      3) участие во встречах с руководителем по обсуждению результатов оценки деятельности.

      20. Руководитель отдела обеспечивает:

      1) организацию и сопровождение процесса оценки деятельности, включая подготовку коммуникационных сообщений, консультирование участников процесса оценки;

      2) проведение своевременного анализа и согласование КЦИ;

      3) при необходимости, участие во встречах руководителя и работника, помощь в разрешении спорных вопросов путем консультирования по вопросам процесса оценки деятельности;

      4) проведение калибровочной сессии, включая подготовку информации по каждому работнику в рамках подготовки к калибровочным сессиям;

      5) полноту и своевременность заполнения необходимых документов в рамках оценки деятельности за отчетный период, введение необходимых учетных записей, отправку соответствующих уведомлений работникам в рамках проведения оценки деятельности работников.

      21. Результаты оценки могут быть известны только оцениваемому лицу, оценивающему лицу, руководителю отдела и участникам калибровочных сессий.

Глава 2. Порядок оценки руководителя аппарата маслихата по достижению КЦИ

      22. Оценка деятельности руководителя аппарата маслихата осуществляется на основе оценки достижения КЦИ.

      23. КЦИ устанавливается оценивающим лицом по согласованию с руководителем отдела в индивидуальном плане работы руководителя аппарата маслихата, составляемого в течение десяти рабочих дней после начала оцениваемого периода по форме, согласно приложению 1 к Типовой методике.

      При назначении служащего на должность после начала оцениваемого периода КЦИ устанавливаются в течение десяти рабочих дней со дня его назначения на должность.

      При этом в течение пяти рабочих дней со дня установления (утверждения) КЦИ руководитель отдела обеспечивает (при наличии технической возможности) размещение индивидуального плана работы в информационной системе.

      В случае, если срок с даты назначения служащего до окончания оцениваемого периода составляет менее трех месяцев, КЦИ указанному служащему не устанавливаются.

      Оценка достижения КЦИ руководителя аппарата маслихата осуществляется оценивающим лицом в сроки, установленные в пункте 5.

      При этом руководитель отдела в целях обеспечения достоверности сведений проводит предварительный расчет фактических значений КЦИ и посредством информационной системы (при наличии технической возможности) направляет его оценивающему лицу в срок не позднее пяти рабочих дней до наступления последнего дня оценки согласно пункту 5 настоящей Методики.

      24. КЦИ устанавливаются в количестве от трех до пяти и должны отражать ожидаемые конкретные результаты деятельности оцениваемого лица до конца оцениваемого периода.

      25. КЦИ должны иметь количественные и качественные индикаторы измеримости достижения целей и быть:

      1) конкретными (точно определяется результат с указанием ожидаемого положительного изменения, который необходимо достичь);

      2) измеримыми (определяются конкретные критерии для измерения достижения КЦИ);

      3) достижимыми (КЦИ определяются с учетом имеющихся ресурсов, полномочий и ограничений);

      4) ограниченными во времени (определяется срок достижения КЦИ в течение оцениваемого периода);

      5) ориентированными на повышение эффективности деятельности государственного органа.

      26. Внесение изменений в КЦИ осуществляется в случае изменения функций и структуры государственного органа, непосредственно влияющего на достижение КЦИ.

      27. Информационная система, либо в случае ее отсутствия, руководитель отдела уведомляет руководителя аппарата маслихата о проведении в отношении него оценки не позднее пятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом.

      28. Оценочный лист направляется для рассмотрения оценивающему лицу посредством информационной системы, либо в случае ее отсутствия руководителем отдела.

      По итогам рассмотрения представленных материалов оценивающим лицом выставляются оценки (от 0 до 5-ти) в соответствующей графе оценочного листа по форме согласно приложению 2 к Типовой методике.

      При выставлении оценок оценивающее лицо использует таблицу определения допустимой оценки в зависимости от процента реализации ключевого целевого индикатора по форме, согласно приложению 3 к Типовой методике.

Глава 3. Порядок оценки служащих корпуса "Б" методом ранжирования

      29. Оценка служащих корпуса "Б" осуществляется по методу ранжирования.

      30. Оценка служащих корпуса "Б" по методу ранжирования осуществляется руководителем аппарата маслихата по форме, согласно приложению 4 к Типовой методике посредством информационной системы, функционирующей в государственном органе (при наличии технической возможности). При этом в случае отсутствия технической возможности оценка проводится на бумажных носителях.

      31. Информационная система, либо в случае ее отсутствия руководитель отдела уведомляет служащего корпуса "Б" о проведении в отношении него оценки не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом.

      32. Оценивающему лицу оценочный лист направляется информационной системой, либо в случае ее отсутствия руководителем отдела.

      Оценивающим лицом выставляются оценки (от 0 до 5-ти) в соответствующей графе оценочного листа по форме согласно приложению 4 к Типовой методике.

      33. Оценка служащих корпуса "Б" с учетом уровня достигнутых ими результатов при выполнении функциональных обязанностей, а также объема и сложности выполняемой работы в оцениваемом периоде определяется по следующим параметрам:

      качество выполнения функциональных обязанностей;

      соблюдение сроков выполнения задач;

      самостоятельность и инициативность;

      трудовая дисциплина.

Глава 4. Порядок оценки по методу 360

      34. Оценка по методу 360 проводится один раз в год анонимно в информационной системе. При этом в случае отсутствия технической возможности оценка проводится на бумажных носителях.

      Руководитель аппарата маслихата проходит оценку методом 360 по форме, согласно приложению 5 к Типовой методике, служащие корпуса "Б" по форме, согласно приложению 6 к Типовой методике.

      35. Методом 360 оцениваются следующие компетенции в зависимости от категории оцениваемых лиц:

      для руководителя аппарата маслихата:

      управление деятельностью;

      выстраивание эффективных коммуникаций;

      следование этическим нормам и принципам;

      управление изменениями;

      ориентация на результат;

      самостоятельность и навыки принятия решений;

      управление командой;

      лидерские качества;

      сотрудничество;

      оперативность;

      саморазвитие;

      инициативность;

      для служащих корпуса "Б":

      выстраивание эффективных коммуникаций;

      следование этическим нормам и принципам;

      управление изменениями;

      ориентация на результат;

      самостоятельность и навыки принятия решений;

      сотрудничество;

      оперативность;

      саморазвитие.

      36. Количество участвующих в опросе лиц должно быть не менее трех и не более семи человек, индивидуально определяемых информационной системой, либо в случае ее отсутствия руководителем отдела, для каждого оцениваемого лица.

      В оценке служащего методом 360 также предусмотрена его самооценка. При этом в итоговых результатах самооценка служащего не учитывается.

      В круг опрашиваемых лиц включаются:

      1) непосредственный руководитель;

      2) служащий корпуса "Б", находящийся в прямом подчинении оцениваемого лица;

      3) лица, находящиеся с оцениваемым лицом на одном уровне по должности и тесно взаимодействующие с ним.

      37. Руководитель отдела администрирует процесс оценки по методу 360, формирует индивидуальные отчеты и организует предоставление обратной связи по результатам оценки 360 по формам согласно приложениям 7 и 8 Типовой методики. При формировании тематики семинаров повышения квалификации и дисциплин курсов переподготовки руководителем отдела должны быть учтены результаты оценки метода 360, в том числе наименее выраженные компетенции служащего.

Глава 5. Порядок проведения калибровочных сессий и предоставления обратной связи

      38. С целью согласования и соблюдения единого подхода к процессу оценки государственные органы проводят калибровочные сессии в порядке, предусмотренном в пункте 13 настоящей Методики.

      39. Должностное лицо, имеющее право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности административного государственного служащего корпуса "Б" принимает решение о проведении калибровочной сессии и утверждает ее состав в течение трех рабочих дней со дня поступления обращения служащего.

      40. Калибровочная сессия проводится в течение десяти рабочих дней со дня обращения служащего в порядке, предусмотренном в пункте 13 настоящей Методики.

      41. Руководитель отдела организовывает деятельность калибровочной сессии.

      42. На калибровочной сессии оценивающее лицо кратко описывает работу оцениваемого лица и аргументирует свою оценку.

      Участники калибровочной сессии могут поддержать оценку оценивающего лица либо привести аргументы для корректировки оценки.

      Корректировка оценки осуществляется как в сторону повышения, так и в сторону понижения.

      Итоговая оценка принимается большинством голосов участников калибровочной сессии и оформляется соответствующим протоколом. Руководитель отдела обеспечивает размещение протокола в информационной системе (при наличии технической возможности) в течение трех рабочих дней со дня его подписания.

      43. По результатам калибровочной сессии оценивающее лицо проводит встречи с оцениваемым служащим и предоставляет обратную связь о результатах итоговой оценки.

      Во время встречи обсуждаются следующие вопросы:

      обзор достижений за оцениваемый период;

      обзор развития навыков и компетенций;

      обзор потенциала и обсуждение карьерных устремлений работника.

      Оценивающее лицо обеспечивает атмосферу открытого и дружелюбного диалога во время встречи.