ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 21-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат – ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі, кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
2) ақпаратқа қол жеткізу – мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және тарату құқығы;
2-1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3-1) ақпаратты проактивті тарату – қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпарат пайдаланушының сұрау салуынсыз және ақпарат иеленушінің бастамасы бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және (немесе) адамдардың шектеусіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілер мен шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы мүддесінде ақпаратты тарату;
4) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
5) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;
6) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
6-1) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
7-1) қоғамдық маңызы бар ақпарат – осы Заңның 6-бабында белгіленген, қоғамдық мүддені білдіретін ақпарат;
8) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат;
8-1) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
9) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;10) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа;
11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
11-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;12) сұрау салу – ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда пайдаланылады.
2. Осы Заңның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.
3. Осы Заңның күші "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сұрау салуларды қарау тәртібіне қолданылмайды.
4. Осы Заңның күші " Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру тәртібіне қолданылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты мен міндеттері
1. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға әркімнің конституциялық құқығының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер жасау болып табылады.
2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:
1) ақпаратқа еркін және тең қол жеткізу үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау;
2) әркімнің ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және қорғау;
3) ақпарат иеленушілер мен пайдаланушылар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;
4) ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыру тетіктерін және осы құқықты заңсыз шектегені үшін жауаптылықты белгілеу;
5) ақпарат пайдаланушыларды уақтылы және толық ақпараттандыру;
6) ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі үшін ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де талаптарды айқындау.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
1. Осы Заңның 5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпарат иеленушілердің иелігіндегі ақпарат ашық болып табылады (ашықтық презумпциясы).
2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен айқындығы;
3) анықтығы мен толықтығы;
4) өзектілігі мен уақтылығы;
5) ақпаратқа тең қол жеткізу;
6) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеу;
7) жеке өмірге, жеке басының және отбасының құпиясына қол сұқпау;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
9) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін есепке алу;
10) ақпаратты проактивті тарату;
11) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық.
Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу
1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектеледі.
2. Ақпаратқа қол жеткізуді шектеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті белгілі бір мерзімге ғана жүзеге асырылуға тиіс.
3. Егер осы баптың 1-тармағының талаптарына ақпараттың бір бөлігі ғана сәйкес келетін болса, онда осы бөлікке ғана қол жеткізу шектеледі.
4. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға белгіленген мерзімде қол жеткізілмеген болса, шектеу мерзімі қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-бап. Қол жеткізуге шектеу қойылмайтын қоғамдық маңызы бар ақпарат
Ескерту. 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мынадай:
1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы;
2) денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;
3) терроризм актілерін жасау фактілері туралы;
4) экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшері туралы;
8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтінін, сондай-ақ олардың жобаларын қамтитын;
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы мен олардың жұмсалуы туралы;
10) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың, мемлекет активтерінің жұмсалуын бақылау, мемлекеттік аудиттеу және қаржылық бақылау туралы;
11) ақпарат иеленушілердің, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын ақпаратты қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі;
13) мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының тармақтарын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын орындау туралы;
14) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, электр желілері объектілерінің тиесілігі туралы қоғамдық маңызы бар ақпаратқа;
15) цифрлық активтер саласының жай-күйі туралы статистикалық деректерге қол жеткізу шектелуге жатпайды."
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-2-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша ақпарат иеленушілерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) ақпарат иеленушілерімен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
5) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекітеді;
6) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
7) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсынады;
8) Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
9) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін айқындайды;
10) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізеді;
3) алып тасталды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
1. Ақпарат пайдаланушының:
1) заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға;
2) ақпарат беру туралы сұрау салумен өтініш жасауға;
3) алынатын ақпараттың нақтылығы мен толықтығын тексеруге;
4) сұрау салуды кері қайтарып алуға;
5) ақпарат алу қажеттілігін негіздемеуге;
6) ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне, лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
7) өзінің ақпаратқа қол жеткізуге құқығын бұзумен келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның заңда белгіленген тәртіппен өтелуін талап етуге құқығы бар.
2. Ақпарат пайдаланушы осы Заңның талаптарын сақтауға міндетті.
Мыналар:
1) мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері;
2) мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері;
4) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде – бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар;
5) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде - мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері;
6) экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде – заңды тұлғалар;
7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар ақпарат иеленушілер болып танылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Ақпарат иеленушінің құқықтары мен міндеттері
1. Ақпарат иеленушінің:
1) құзыретіне сұратылатын ақпаратты беру кіретін тиісті ақпарат иеленушіге сұрау салу жіберуге;
2) сұрау салумен өтініш жасаған адамнан сұрау салудың мазмұнын нақтылауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша ақпарат беруден бас тартуға құқығы бар.
2. Ақпарат иеленуші:
1) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
2) өзінің қызметі процесінде жасалатын және (немесе) жиналатын ақпаратқа тиімді және уақтылы қол жеткізуге қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шеңберінде қамтамасыз етуге;
3) анық және толық ақпарат беруге;
4) берілетін ақпаратта лауазымды адам туралы мәліметтердің сәйкестендіру үшін жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз етуге;
5) ақпарат берудің заңда белгіленген мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) сұрау салулардың есебін, жинақтап қорытуды және талдауды жүргізуге;
7) ақпарат беру кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға;
8) ақпарат қамтылған интернет-ресурстардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
9) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы лауазымды адамдар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
10) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізуге;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасын сақтауға;
12) қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер интернет-порталында ашық деректер түріндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыруға;
12-1) құзыреті шегінде ашық деректердің, ашық бюджеттердің және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталдарында орналастырылатын ақпаратты уақтылы жаңартып отыруға;
13) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2-1. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер:
1) ақпарат иеленушінің иелігіндегі ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің болуына немесе ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті адамды тағайындауға;
2) ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу туралы шешімді қабылдаған кезде осы Заңның 5-бабын басшылыққа алуға;
3) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, өздерінің қызметі процесінде жасалатын және (немесе) жиналатын ақпаратты проактивті таратуға міндетті.
Ақпаратты проактивті тарату жиі сұралатын және сұранысқа ие ақпаратты талдауға сүйене отырып, ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне кірмейтін ашық деректерді өз бастамасы бойынша орналастыру түрінде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерге қосымша ретінде орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары халық алдында атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері
Ақпаратқа қол жеткізу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
1) сұрау салу бойынша ақпаратты беру;
2) ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда және осы мақсаттарда бөлініп берілген өзге де орындарда ақпаратты орналастыру;
3) ашық отырыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) орталық атқарушы органдар (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептерін тыңдау және талқылау;
5) ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
6) ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында орналастыру;
7) ақпаратты "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында орналастыру;
7-1) ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын сақтау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Сұрау салу бойынша ақпарат беру
1. Сұрау салу бойынша ақпарат тегін беріледі.
2. Қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, сұрау салу бойынша кез келген ақпарат беріледі.
ҚР Конституциялық Сотының 26.12.2023 № 39 нормативтік қаулысымен осы Заңның 11-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.3. Сұрау салу құзыретіне сұратылатын ақпаратты беру кіретін ақпарат иеленушіге жіберілуге тиіс.
Сұрау салу ауызша немесе жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.
4. Ақпарат пайдаланушы өзі келіп немесе телефон арқылы ауызша сұрау салып өтініш жасай алады.
Ауызша сұрау салуға мынадай ақпарат бойынша жауап беріледі:
1) ақпарат иеленушінің жұмыс кестесі;
2) ақпарат иеленушілердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының пошта мекенжайы, электрондық поштасының және (немесе) интернет-ресурстарының мекенжайы, анықтама қызметтерінің телефондары, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтер;
3) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сұрау салуларын, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібі;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі;
6) сот істерін қарау кестелері;
7) ашық конкурстық сауда-саттықтар (аукциондар, тендерлер) өткізу күні мен орны туралы мәліметтер;
8) жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;
9) ақпарат иеленуші құрған бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер (болған жағдайда);
10) бос лауазымдардың бар екендігі туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері.
Ауызша сұрау салуға жауап берілген жағдайда, жауапты берген адамның есімі мен лауазымы көрсетіледі.
5. Жазбаша сұрау салуда:
1) ақпаратты сұрататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) заңды тұлға атынан жүгіну кезінде – заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, сұрау салудың шығыс нөмірі және күні, оған қол қойған адамның тегі, аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.
Сұрау салуда пошта мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы, телефон немесе телефакс нөмірі, өзге де байланыс құралдары көрсетілуге тиіс.
Жазбаша сұрау салуға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиіс. Электрондық құжат түріндегі сұрау салу электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілген электрондық нысандағы сұрау салу жазбаша сұрау салуға теңестіріледі.
Ақпарат пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталында есепке алу жазбалары болған және оған ұялы байланыс операторы берген ақпарат пайдаланушының абоненттік нөмірі қосылған жағдайда мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілетін сұрау салуға оның қол қоюы талап етілмейді.
6. Ақпарат иеленушіге тікелей өтініш жасаған және жазбаша нысанда сұрау салу берген ақпарат пайдаланушыға күні мен уақыты, сұрау салуды қабылдаған адамның тегі және инициалдары көрсетілген талон беріледі.
7. Анонимдік сұрау салуларды қоспағанда, осы Заңда белгіленген тәртіппен берілген жазбаша сұрау салулар міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады.
8. Жазбаша сұрау салулар жеке немесе заңды тұлғаның өкілдері арқылы енгізілуі мүмкін. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
9. Көпшілікке қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сұрау салулар осы Заңда белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
10. Жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иеленушіге сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге де ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушыға хабар беріледі.
11. Құзыретіне сұратылатын ақпарат беру кірмейтін ақпарат иеленушіге келіп түскен жазбаша сұрау салу ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті ақпарат иеленушіге жіберіледі, бір мезгілде бұл туралы сұрау салуды жіберген ақпарат пайдаланушы хабардар етіледі.
12. Жазбаша сұрау салуға жауап өтініш жасалған тілде ақпарат пайдаланушының таңдауы бойынша қағаз және (немесе) электрондық нысандарда беріледі.
Ауызша сұрау салуға жауап өтініш жасалған тілде ауызша нысанда беріледі.
13. Егер жазбаша сұрау салуға жауап көшірме жасауды немесе басып шығаруды көздейтін болса, онда ақпарат пайдаланушы ақпарат иеленушінің көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсаған нақты шығындарын өтеуге міндетті.
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерлері және оларды төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында міндетті түрде жариялануға және ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
Халықтың әлеуметтік осал топтары көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босатылады.
14. Жазбаша сұрау салуға жауапта ақпарат иеленушінің атауы, пошта мекенжайы, жауапқа қол қойған адамның лауазымы, сұрау салудың тіркелген күні және нөмірі көрсетіледі.
15. Егер сұратылатын ақпарат осы Заңда белгіленген тәртіппен орналастырылса, онда ақпарат иеленуші ақпарат пайдаланушыға сұратылатын ақпаратқа қол жеткізу тәсілдері мен орны туралы мәліметтерді бір мезгілде жібере отырып, бұл туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
Қайталап өтініш жасалған кезде, ақпарат иеленуші сұратылатын ақпаратты осы бапта көзделген тәртіппен береді.
16. Ақпаратқа қол жеткізуден:
1) егер сұрау салу мазмұны сұратылатын ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;
2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер сұратылатын ақпарат қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылса;
ҚР Конституциялық Сотының 26.12.2023 № 39 нормативтік қаулысымен осы Заңның 16-тармағының 3) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.4) егер сұрау салуда ақпарат иеленуші қабылдаған актілерді құқықтық бағалау, ақпарат иеленушінің не оған ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау жүргізу немесе өзге де талдамалық жұмысты жүргізу аяқталғанға дейін ол туралы мәселе қойылса;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулер нәтижелері бойынша шешімдер қабылданғанға дейін;
6) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат-хабар алмасу негізінде немесе мемлекеттік органдардағы кеңестер негізінде тұжырымдалатын түпкілікті шешімдер қабылданғанға дейін;
7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.
17. Жазбаша сұрау салу бойынша ақпарат беруден бас тарту туралы уәжді жауап сұрау салу тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушының назарына жеткізіледі.
18. Сұрау салулармен жұмысты ұйымдастыруға, оларды қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың жай-күйі үшін ақпарат иеленушілердің басшылары жеке жауапты болады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда ақпаратты орналастыру
1. Ақпарат иеленушілер өздері орналасқан үй-жайларда өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерді және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды орналастырады.
Қызметі қоғамдық тәртіпті сақтаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты ақпарат иеленушілер өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерге және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарға тәулік бойы еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпарат:
1) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібін қоса алғанда, ақпарат иеленушінің жұмыс тәртібін;
2) ақпарат алу шарттары мен тәртібін;
3) өзге де мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Ашық отырыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстары жабық отырыстарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың отырыстарын қоспағанда, ашық және ақпарат пайдаланушыларға қолжетімді болып табылады.
2. Қол жеткізу шектелген ақпарат санатына жататын мәселелерді қарау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда отырыстар ақпарат пайдаланушылардың қатысуынсыз жабық режимде өткізілуі мүмкін.
Осындай шешім жөнінде ақпарат пайдаланушыларға осы ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, масс-медиада және ақпарат иеленуші орналасқан үй-жайда орналастыру арқылы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беріледі.
3. Ақпарат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына қол жеткізу тәртібі олардың регламенттерінде айқындалады.
Ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бекітетін ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларында айқындалады.
4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының алқалы органдары ашық отырыстарды, оның ішінде интернет-ресурстарда трансляциялауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептері
Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары жылына бір реттен сиретпей атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп береді.
Есепті кездесулерді өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру
Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру
1. Ақпарат иеленушілер интернет-ресурстарды жасайды.
Жасалған интернет-ресурстар ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс.
2. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер интернет-ресурстарды мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады.
3. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде орналастыру және жаңарту күнін көрсете отырып, интернет-ресурстарда:
1) қызметі туралы жалпы ақпаратты:
ұйымдық құрылымын, басшылары мен олардың орынбасарлары, олардың жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері туралы, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтерді;
байланыс деректерін;
құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ басшылары мен олардың орынбасарлары, олардың жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері туралы, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтерді;
аумақтық органдардың тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ басшылары мен олардың орынбасарлары, олардың жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері туралы, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтерді;
құзыретін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
ресми жаңалықтарды, баспасөз релиздерін;
жаңалықтар легін;
басшыларын, олардың орынбасарларын, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың, еншілес ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ақпаратты;
2) нормашығармашылық қызмет туралы ақпаратты:
қабылданған нормативтік құқықтық актілер тізбесін;
әзірленетін реттеушілік саясат консультативтік құжаттарының, нормативтік құқықтық актілер жобаларының оларға түсіндірме жазбаларымен (олар болған кезде) және салыстырма кестелерімен (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мәтіндерін, ғылыми сараптамалардың қорытындылары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын (олар болған кезде), оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;
халықты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарларды, баспасөз релиздерін;
3) бюджет қаражаты туралы ақпаратты:
республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын;
бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді;
мемлекеттік органның жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы туралы ақпаратты;
республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты;
бюджеттік есептілікті;
шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелерін;
азаматтық бюджетті;
халықты бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарларды, баспасөз релиздерін;
4) ағымдағы қызметі туралы ақпаратты:
мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын және оның іске асырылуы туралы есепті;
аумақтарды дамыту бағдарламаларын және олардың іске асырылуы туралы есептерді;
мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, доктриналарды, стратегияларды, тиісті саланы дамыту жоспарларын, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептерді;
саланың (аяның) жай-күйін және даму серпінін сипаттайтын статистикалық ақпарат пен көрсеткіштерді;
жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ өздерінің жүргізуіндегі ведомстволық дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесін;
қызметі туралы талдамалық баяндамалар мен шолуларды, сондай-ақ атқарылған жұмыс туралы есептер мен баяндамаларды;
алқалы органдардың ашық отырыстарының стенограммаларын және (немесе) хаттамаларын;
мемлекеттік орган жұмыс органы болып табылатын консультативтік-кеңесші органдардың (кеңестердің, комиссиялардың) қызметі туралы ақпаратты;
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау қорытындыларын;
5) кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ақпаратты:
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған конкурс туралы мәліметтерді;
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын;
персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бос лауазымдарға орналасу мәселелері бойынша консультация беруге уәкілеттік берілген жұмыскерлерінің байланыс деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ақпаратты:
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;
мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, әзірленетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу нәтижелерін;
мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты;
8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпаратты:
қызметіне мемлекеттік орган қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесін;
жасалған (қол қойылған) халықаралық шарттар мен келісімдердің тізбелерін және мәтіндерін;
шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қор берген, алынған және пайдаланылған гранттар туралы мәліметтерді;
мемлекеттік органның халықаралық шарттар мен халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға қатысуы туралы мәліметтерді;
мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың қорытындыларын, сараптамалық бағалауларын, ұсынымдарын және басқа да талдамалық материалдарын;
халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзге де мәліметтерді;
9) мемлекеттік сатып алу саласындағы ақпаратты:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін;
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын;
өткізу шарттарын, оларға әлеуетті өнім берушілердің қатысу тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік орган ашық конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден сатып алу тәсілдерімен, сондай-ақ тауар биржалары арқылы жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты, мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау тәртібін;
10) рұқсат беру әрекеттерін (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалар) жүзеге асыру тәртібін;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдарында жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты;
12) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты;
13) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректерді;
14) халықпен жұмыс жөніндегі ақпаратты:
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигін;
өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);
Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік орган қарауға қабылдайтын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілерін;
14-1) азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті салалардағы құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты;
15) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпаратты;
16) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпаратты немесе орналастыруды мемлекеттік орган қажет деп санайтын ақпаратты орналастыруға міндетті.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган өзінің интернет-ресурсында Ұлттық архив қорының құжаттары және оны жинақтау көздері туралы мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қор каталогын орналастырады.
5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар Қазақстан Республикасы соттарының интернет-ресурстарында сондай-ақ:
1) ашық қол жеткізуде орналастыруға жатпайтындарды қоспағанда, сот актілері;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, сот істерін қарау графиктері орналастырылуға тиіс.
6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының интернет-ресурстарында сондай-ақ:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есеп;
2) жергілікті қоғамдастық жиынын, жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;
3) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жиналысының хаттамалары, сондай-ақ оларда қабылданған шешімдер орналастырылуға тиіс.
7. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарында:
1) қызметі туралы жалпы ақпарат:
тарихы;
ұйымдық құрылымы;
басшылығы туралы мәліметтер;
қызметі туралы мәліметтер;
консультативтік-кеңесші органдардың (болған кезде) қызметі туралы ақпарат;
байланыс деректері (анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық өкілдіктердің (болған кезде) пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері);
2) бос лауазымдар жөніндегі ақпарат:
жарияланған бос лауазымдар;
бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;
бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері;
3) ресми жаңалықтар, баспасөз релиздері, алдағы оқиғалардың күнтізбелері;
4) қаржылық есептілік, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат, азаматтық бюджет;
5) өздерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
7) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат;
8) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпарат;
9) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер;
10) өздерінің жүргізуіндегі дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесі;
11) "Сұрақ-жауап" сервисі;
12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигі;
13) өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);
14) Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарауға қабылданатын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілері;
15) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпарат немесе орналастыруды мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қажет деп санайтын ақпарат орналастырылуға тиіс.
8. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:
1) қызметі туралы жалпы ақпарат:
тарихы;
ұйымдық құрылымы (басшылары көрсетіле отырып, бөлімшелердің тізбесі);
басшылығы туралы мәліметтер (жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтер);
қызмет түрлері;
даму стратегиясы, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары;
консультативтік-кеңесші органдардың (болған кезде) қызметі туралы ақпарат;
анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық өкілдіктердің және еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері);
активтерді сатып алу (иеліктен шығару), басшы құрамдағы (оның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдардың) кадрлық өзгерістер туралы ақпарат;
2) бос лауазымдар жөніндегі ақпарат:
жарияланған бос лауазымдар;
бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;
бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері;
3) ресми жаңалықтар, баспасөз релиздері, алдағы оқиғалардың күнтізбелері;
4) қаржылық есептілік, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат;
5) еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат;
6) қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар;
7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы ақпарат;
8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат;
9) статистикалық көрсеткіштер және қызметінің нәтижелері;
10) атқарылған жұмыс туралы талдамалық есептер мен баяндамалар;
11) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер;
12) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпарат;
13) өздерінің жүргізуіндегі дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесі;
14) "Сұрақ-жауап" сервисі;
15) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигі;
16) өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);
17) Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарауға қабылданатын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілері;
18) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпарат немесе орналастыруды квазимемлекеттік сектор субъектісі қажет деп санайтын ақпарат орналастырылуға тиіс.
9. Бюджет қаражатын алушылардың интернет-ресурстарында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмаған ақпарат орналастырылады.
10. Монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің интернет-ресурстарында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ олар өндіретін (өткізетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар орналастырылады.
11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың интернет-ресурстарында мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпарат орналастырылады.
12. Өзінің интернет-ресурсында ақпарат орналастыруға техникалық мүмкіндігі жоқ ақпарат иеленуші оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.
13. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жаңалықтар легін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге бөлімдерді жаңарту ақпарат алынған немесе құрылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
14. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін.
14-1. Алып тасталды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.15. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында қол жеткізу шектелген ақпарат орналастырылуға жатпайды.
16. Интернет арқылы нормативтік құқықтық актілерге тегін қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы да қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-бап. "Электрондық үкіметтің" веб-порталында ақпарат орналастыру
1. Ақпарат пайдаланушылар осы Заңға сәйкес ақпарат иеленушілер "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдастарында орналастыратын ақпаратты ала алады және пайдалана алады, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген не "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдастарында авторландырылған жағдайда оны талқылауға қатыса алады.
2. Осы Заңның 8-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді орналастырады және уақтылы жаңартып отырады.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы халқының ашық деректерге қажеттіліктері туралы қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастыру үшін ақпарат иеленушілерден ашық деректерді сұратуға құқылы.
Ақпаратты иеленушілер ақпаратты проактивті тарату мақсатында ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыруға да құқылы.
3. Ашық бюджеттердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылау өткізеді.
4. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында көзделген өзге де ақпаратты жария талқылау үшін орналастырады. Жария талқылау нәтижелері бойынша есептер де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне жария талқылау өткізеді.
6. Ашық диалогтың интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізеді, сондай-ақ 3) тармақшада көрсетілген ақпарат иеленушілер, мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы келіп түскен сұрау салуларға жауап береді.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-1-бап. Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты
Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, ақпаратқа қол жеткізуді және ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ең төмен талаптар жүйесі ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты болып танылады.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.17-2-бап. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін:
1) мүгедектігі бар адамдарға арналған, оның ішінде бедерлі-нүктелі Брайль қарпімен басып шығарылатын мерзімді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет шығару;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаның сурдоаудармасы немесе субтитрлер түріндегі аудармасы;
3) мүгедектігі бар адамдарға арналған веб-контенттің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық стандартқа ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарының сәйкес келуі;
4) көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдардың пайдалануы үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері интернет-ресурстарының бейімделген болуы;
5) ақпарат иеленушілердің қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерге және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарға еркін қол жеткізу;
6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурсында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы өзекті және толық ақпаратты орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
2. Тұлғааралық қарым-қатынас құралы ретінде ымдау тіліне аударма қолданылады, ол есту қабілеті бұзылған балаларға арналған білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларында да қолданылады.
Ескерту. 17-2-баппен толықтырылды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.18-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағым жасау
1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым азаматқа тиісті лауазымды адамның немесе органның әрекет жасағаны немесе шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделер деп ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу мен таратуға әркімнің конституциялық құқығын іске асырудың қолайлы жағдайларын, нысандарын, тетіктері мен тәсілдерін жасау түсініледі.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде ашықтық пен бүкпесіздік негізінде жүзеге асырылады.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстары тоқсанына бір реттен сиретпей, тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.19-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы бапқа сәйкес қашықтан бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, соттарды және сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда, осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер ақпаратқа қол жеткізу саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) болып табылады.
3. Мыналар ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады:
1) қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдар;
2) ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстары;
3) "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдастары;
4) ашық отырыстардың онлайн-трансляциялары, ашық отырыстың жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған жазбалары және (немесе) жазбаларына сілтемелері;
5) ашық отырыстардың хаттамалары мен стенограммалары;
6) қашықтан бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру нысанасына жататын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі материалдар, құжаттар мен мәліметтер не олардың көшірмелері.
4. Қашықтан бақылауды ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне бармай, талдау және ақпараттық жүйелердің, электрондық ақпараттық ресурстардың, ашық дереккөздердің, масс-медианың деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүргізеді.
5. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру қашықтан бақылаудың мақсаттары болып табылады.
6. Қашықтан бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
7. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бірінші басшының не оны алмастыратын адамның атына бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ресімделеді және жіберіледі.
8. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда:
1) ұсынымның жасалған күнін, нөмірі мен орнын;
2) осы Заңның және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің нақты нормаларына сілтеме жасала отырып анықталған бұзушылықтарды;
3) бұзушылықтарды жою үшін бақылау субъектісінің қабылдауы қажет ұсынымдар мен шараларды;
4) ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын, бұзушылықтарды жоюға арналған мерзімдерді;
5) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тегі мен аты-жөнін, қолтаңбасын көрсетеді.
9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберіледі және мынадай жағдайларда:
1) поштамен – пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен – электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жеткізілгені туралы хабардар етілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің қарсылығын қарайды және бес жұмыс күні ішінде уәжді жауап береді.
Уәжді жауап қайта қаралуға жатпайды.
11. Бақылау субъектісі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның орындалуы жөніндегі ақпаратты ұсыным орындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
Бақылау субъектісі берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
12. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты алғаннан кейін мынадай:
1) ұсынымның орындалғаны туралы;
2) ұсынымның орындалмағаны не ішінара орындалғаны туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
13. Жоспардан тыс тексеруді тағайындауға мыналар негіз болып табылады:
1) бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды орындамау не ішінара орындау;
2) бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың орындалуы жөніндегі ақпаратты бермеу;
3) сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша прокурордың талабы;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы.
Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар түскен жағдайларда жүргізілмейді.
14. Жоспардан тыс тексеру осы баптың 13-тармағында көзделген негіздердің бірі туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау субъектісі хабардар етілместен тағайындалады.
15. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері жоспардан тыс тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 20-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге;
4) тексеру нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
5) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексерілетін бақылау субъектісінің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
6) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру шеңберінде өзі (өздері) жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
16. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері жоспардан тыс тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамына (лауазымды адамдарына) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тігу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні және аяқталған күні жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уәкілетті адамының тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін бақылау субъектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
17. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) жоспардан тыс тексеру немесе қашықтан бақылау жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің талаптарын сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексерудің нәтижелерi туралы актіге қоса тігу үшiн қағаз және электрондық жеткiзгiштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшiрмелерiн немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алуға, сондай-ақ тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
3) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;
4) аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыруға құқығы бар.
18. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) жоспардан тыс тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін бақылау субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
2) тексеруді немесе қашықтан бақылауды осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және соған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін бақылау субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) тексерілетін бақылау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің тексеруді жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
5) тексерілетін бақылау субъектісіне тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) тексерілетін бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда (болған кезде) көрсетілген тексеру немесе қашықтан бақылау аяқталған мерзімнен кешіктірмей, тексерудің нәтижелері туралы актіні немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды табыс етуге;
7) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.
19. Жоспардан тыс тексеру жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
20. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) бақылау субъектілеріне жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде:
1) жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын береді.
Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) жоспардан тыс тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жоспардан тыс тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы және оның тұрған жері;
6) тағайындалған жоспардан тыс тексерудің нысанасы;
7) жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі;
8) жоспардан тыс тексеру жүргізу негіздері;
9) осы баптың 15 және 16-тармақтарында көзделген бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
10) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның мөрі;
11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
21. Жоспардан тыс тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және ұзарту туралы актілерге ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қояды және олар бақылау субъектісінің басшысына не ол уәкілеттік берген адамға танысу үшін табыс етіледі.
22. Жоспардан тыс тексерулер мерзімінің өтуі табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауының немесе олардың туындау қатерінің мерзіміне, сондай-ақ бақылау субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Жоспардан тыс тексеру табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауы немесе олардың туындау қатері тоқтатылған, сондай-ақ қайта ұйымдастырылған бақылау субъектісінің құқықтық мирасқоры айқындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайта басталады.
Жоспардан тыс тексеру мерзімінің өтуі бақылау субъектісі таратылған жағдайда тоқтатылады.
23. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
24. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам тек бір рет бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, жоспардан тыс тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі және ұзарту себебі көрсетіледі.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жоспардан тыс тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны бақылау субъектісіне табыс етілгені туралы хабардар ете отырып, ұзартудан бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
25. Бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
26. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні үш данада жасайды.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады, екінші данасы, бақылау субъектісінде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер үшін беріледі, үшінші данасы тексеру жүргізген ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органда қалады.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі қойылады.
27. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, нөмірі, уақыты мен орны;
2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның жоспардан тыс тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жоспардан тыс тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы және оның тұрған жері;
7) жоспардан тыс тексерудің нысанасы;
8) жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
9) бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты талаптарды орындау және шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
10) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
11) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның жоспардан тыс тексеру жүргізген лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) қолтаңбасы.
28. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
29. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
30. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні белгіленген мерзімде орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
31. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Шағым жасау жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
32. Жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот жарамсыз деп таныған жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзуының дәлелі бола алмайды.
33. Жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптардың өрескел бұзылуына мыналар жатады:
1) жоспардан тыс тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындау;
4) жоспардан тыс тексеруді жүргізудің осы бапта көзделген мерзімін бұзу.
34. Бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген жоспардан тыс тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей табыс еткен күн жоспардан тыс тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Ескерту. 19-1-баппен толықтырылды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.20-бап. Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 3) тармақшасын және 17-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |