"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы 2016 жылғы 11 мамырдағы № 113 ережені бекіту туралы қаулының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Халықов |
Әкімдігінің | |
2023 жылғы 11 сәуірдегі | |
№ 53 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкім қызметін қамтамасыз ететін және жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген Ұзынкөл ауданы әкімінің құқықтық актілерімен ресiмделетiн шешiмдерді қабылдайды, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы ережемен реттеледі.
8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космоновтар көшесі, 31 үй.
10. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығы және негізгі бағыттары және құзыретін анықтау, стратегиясын әзірлеу;
2) ауданның фискалдық және бюджеттік саясатын қалыптастыру;
3) өңірлерді дамыту әлеуметтік-экономикалық мониторинг, бөлінген қаржының тиімділік бағасы;
4) ауданның сыртқы экономикалық қатынастарын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық саясатты іске асыру.
14. Өкілеттіктер:
Құқықтары мен міндеттері:
1) әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жөнінде аудандық әкімдікке ұсыныстар еңгізу;
2) ауданының даму Бағдарламасын іске асыру жөнінде жоспарларды орта мерзімдік жоспарларды, іс-шаралардың жоспарларын жергілікті органдармен іске асыру мниторингін жүзеге асыру;
3) ауданының даму Бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын түзету бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар еңгізу;
4) өзінің құзырлық шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдың дайындайды және ұсынады;
5) өзінің құзырлық шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
6) өзінің құзырлық шегінде мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдар мен заңды тұлғалардың қатысуы бар заңды мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұрастыру және алу;
7) ауданның сыртқы нарығын зерттеуге қатысу және қалыптастыру үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың өкілдерін тарту, ауданның сыртқы экономикалық ынтымақтастығын жандандыру және импортқа бағытталған кәсіпорындардың тауар ассортиментін көбейту;
8) қолданыстағы заңнаманың нормасын сақтау;
9) Қазахстан Республикасының Президентінің тапсырмаларын, актілерін, Қазахстан Республикасының Үкіметінің және басқа орталық органдардың, сондай-ақ аудан әкімінің, уақытылы және сапалы орындау;
10) Бөлім осы ережеде көрсетілген құқықтармен қатар оған заңмен берілген басқа құқықтарға ие болалады;
11) Қолданыстағы заңнаманың нормасын сақтау.
15. Функциялары:
1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының жетілуін үйлестіруді жүзеге асыру;
2) стратегиялық, ортамерзімдік, экономикалық, бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
3) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
4) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу;
5) орта мерзімдік фискалдық саясаттың жобасын әзірлеуге қатысу;
6) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу және түзетумен бюджеттің дәлелденуі жөнінде ұсыныстар еңгізуі;
7) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндеі аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
8) аудандық бюджет бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
9) әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік жоспарлаудың ортамерзімдік жоспарларын дайындауда және іске асыруда әдістемелік көмекті жүзеге асыру;
10) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келістіру;
11) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу;
12) ауданның негізгі даму көрсеткіштерінің экономикалық талдауын және болжамын жүргізу;
13) аудандық бюджеттің есебін қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестесін талдауды жүзеге асыру;
14) өңірлік бағдарламалардың қолданылып және әзірленіп жатқан тізбесін әрі қарай жүргізу және қалыптастыру;
15) өңірлік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру;
16) өзінің қызмет саласында заңнамалардың пайданалуын талдауды жүзеге асыру;
17) жергілікті бюджеттік инвестициялық жоболардың экономикалық сараптамасын жүргізу;
18) ауылдық аумақтарды жоспарлау және ұйымдардың аймақтық сызбасы жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу;
19) аз шығынға негізделген көшіп-қонуға, орналастыруға арналған бюджеттік ресурстардың мүмкүншіліктерін олармен теңгеру және көші-қон легін оңтайландыру схемасы бойынша ұсыныстарын талдау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттiк органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарабалық ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
2) "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды, жұмыстан босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға мадақтау шараларын қолданады;
8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
"Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
19. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
20. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Қарабалық ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленбесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.