Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 07.08.2024 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "техногендік" деген сөздер "табиғи" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 22.11.2023 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 31.10.2023 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы", Қостанай ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 04 қазандағы № 8 кезектен тыс отырысының хаттамасымен ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жоғарыда аталған аумақта жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 31.10.2023 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Данияр Кайратович тағайындалсын.

      4. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;

      2) осы шешім Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі Б. Танжариков

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима Костанайского района Костанайской области от 10 октября 2023 года № 2. Утратило силу решением акима Костанайского района Костанайской области от 7 августа 2024 года № 7

      Сноска. Утратило силу решением акима Костанайского района Костанайской области от 07.08.2024 № 7 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Сноска. По всему тексту слова "техногенного" заменены на "природного" в соответствии с решением акима Костанайского района Костанайской области от 22.11.2023 № 4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок – в редакции решения акима Костанайского района Костанайской области от 31.10.2023 № 3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", протоколом внеочередного заседания комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации Костанайского района от 04 октября 2023 года № 8 РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории села Московское Костанайского района Костанайской области.

      2. Провести мероприятия, направленные на ликвидацию чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба, на вышеуказанной территории.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения акима Костанайского района Костанайской области от 31.10.2023 № 3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Назначить руководителем по ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера заместителя акима Костанайского района Сабитова Данияра Кайратовича.

      4. Государственному учреждению "Аппарат акима Костанайского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего решения направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на Интернет - ресурсе акимата Костанайского района.

      5. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      6. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Костанайского района Б. Танжариков