Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Федоров ауданы әкімдігінің "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 299 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармағының 28), 29) тармақшалары алып тасталсын.
2. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданының әкімі | Т. Исабаев |