"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 19 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық статистика бюросының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.";

      14-тармақтың 46-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-3) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алу және пайдалану;";

      15-тармақта:

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратының және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 75-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "75-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;";

      5-тарауда. Ұлттық статистика бюросын қайта ұйымдастыру және тарату:

      Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Ә. Ерғалиев

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ "Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан"

Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 2 марта 2023 года № 19

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ "Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Положении о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Местонахождение Бюро национальной статистики: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район "Есиль", проспект Мәңгілік Ел, 8, административное здание "Дом министерств", 4 подъезд.";

      подпункт 46-3 пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "46-3) при осуществлении статистической деятельности получать и использовать на безвозмездной основе данные от соответствующих уполномоченных государственных органов, организаций, сформированные при осуществлении государственных заказов и государственно-частного партнерства, в том числе данные дистанционного зондирования Земли;";

      в пункте 15:

      подпункт 39) изложить в следующей редакции:

      "39) представление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации, по запросу комитетов Парламента Республики Казахстан, отделов Администрации Президента Республики Казахстан, Аппарат Правительства Республики Казахстан и иных государственных органов;";

      дополнить подпунктом 75-1) следующего содержания:

      "75-1) проведение анализа и выявление системных проблем поднимаемых заявителями;"

      в главе 5. Реорганизация и упразднение Бюро национальной статистики:

      в Перечне государственных учреждений - территориальных подразделений, находящихся в ведении Бюро национальной статистики:

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Республиканское государственное учреждение "Департамент Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по городу Астане".".

      2. Бюро национальной статистики в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя Бюро национальной статистики.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Председатель Агентства по
стратегическому планированию
и реформам Республики Казахстан
А. Иргалиев