Павлодар облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 26 қарашадағы № 101/8 шешіміне "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы" өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 28/2 шешімі

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы" № 101/8 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспеcі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңындармен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы И. Теренченко

  Облыстық мәслихаттың
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 28/2 шешіміне
қосымша
  Павлодар облыстық
мәслихатының 2021 жылғы
26 қарашадағы № 101/8
шешімімен бекітілді

"Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекеме туралы Ереже 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Павлодар облыстық мәслихаты төрағасының өкімімен ресімделетін шешімдер және "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтпаев көшесі, 49.

      Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, мақсаттары, мәні және өкілеттіктері

      14. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері, мақсаттары, мәні, өкілеттіктері.

      15. Міндеттері:

      1) облыстық мәслихаттың сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар, өзге органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      2) облыстық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      3) депутаттарды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, облыстық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеуші функциялармен қамтамасыз ету;

      4) облыстық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      5) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастыру-техникалық және басқа да жағдайларды өкілеттіктер шеңберінде қамтамасыз ету;

      6) облыстық мәслихаттың ашық отырыстарын "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында онлайн режимінде трансляциялауды қамтамасыз ету;

      7) Облыстық мәслихат депутаттарының депутатттық өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      16. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты мен қызметінің мәні мәслихатты, оның тұрақты комиссияларын ұйымдастырушылық, құқықтық, метриялық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету болып табылады.

      17. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      1-1) облыстық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату;

      1-2) облыстық мәслихат сессиясының, тұрақты (уақытша) комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      1-3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;

      1-4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      2) Міндеттері:

      2-1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

      2-2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

      2-3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленетін жалпымемлекеттік стандарттарды ұстану;

      2-4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      18. Функциялар:

      1) мәслихаттың облыстық мәслихат бекіткен Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, облыс әкімі енгізетін мәселелер бойынша облыстық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      2) облыстық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және облыс мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

      4) облыстық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;

      5) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметтін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      6) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат сессияларын өткізуді, олардың онлайн-трансляциясын және облыстық мәслихаттың басқа да отырыстарын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

      7) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;

      8) облыстық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

      9) әзірлеуші облыстық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      10) облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізеді;

      11) облыстық мәслихаттың Медиа-жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету;

      12) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, "дөңгелек үстелдерді", жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну, комиссиялардың қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағаларымен келісу;

      13) облыстық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;

      14) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлеп және оны облыстық бюджеттің жобаларына, облыстың даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу;

      15) сот органдарында облыстық мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      16) облыстық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының өкілеттігі, алқалы органдардың мәртебесі

      19. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын облыстық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады.

      20. Облыс мәслихатының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.

      21. Облыс мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) облыстық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) облыстық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) облыстық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) облыстық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

      8) облыстық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) Заңның 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған облыстық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда облыстық мәслихаттың атынан өкіл болады;

      13) облыстық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

      14) облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оларды қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;

      15) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады;

      16) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      17) "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      18) облыстық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін тұрақты негізде жұмыс істейтін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады;

      облыстық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады);

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды;

      22. Облыстық мәслихаттың төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс мәслихаты аппараты басшысының өкілеттігін айқындайды.

      23. Облыс мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын облыс мәслихатының төрағасы басқарады

      24. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен өзара қарым-қатынастар.

      25. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      26. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 26 ноября 2021 года № 101/8 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области"

Решение Павлодарского областного маслихата от 27 августа 2023 года № 28/2

      Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение в решение Павлодарского областного маслихата от 26 ноября 2021 года № 101/8 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" следующие изменения:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 40 Административного процедурно-процессуального Кодекса Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственном имуществе", Типовым положением о государственном органе, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:";

      Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата Павлодарской области", утвержденное указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата областного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата И. Теренченко

  Приложение
к решению Павлодарского
областного маслихата
от 27 апреля 2023 года
№ 28/2
  Утверждено
решением Павлодарского
областного маслихата
от 26 ноября 2021 года
№ 101/8

Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата Павлодарской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата Павлодарской области, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжением председателя Павлодарского областного маслихата и решения, оформляемые приказом руководителя государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области".

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" утверждается решением областного маслихата в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 140000, Республика Казахстан, Павлодарская область, город Павлодар, улица Ак. Сатпаева, 49.

      Режим работы государственного учреждения:

      понедельник - пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      10. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области".

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" осуществляется из местного бюджета.

      13. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Павлодарской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области".

Глава 2. Задачи, цели, предмет и полномочия государственного органа

      14. Задачи, цели, предмет, полномочия государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области".

      15. Задачи:

      1) обеспечение деятельности областного маслихата на сессиях, через постоянные комиссии, иные органы и депутатов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      2) обеспечивать принятие на сессиях областного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающие сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      3) обеспечение регулятивными функциями по нормативному правовому обеспечению депутатов, регистрации и ведению анализа исполнения нормативных правовых актов, принимаемых областным маслихатом;

      4) материально-техническое обеспечение деятельности депутатов областного маслихата;

      5) обеспечение в рамках полномочий организационно-технически и других условий, необходимых для обеспечения доступа к информации о деятельности областного маслихата в соответствии Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      6) обеспечение трансляции открытых заседаний областного маслихата в режиме онлайн на интернет-ресурсе областного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      7) подготовка предложений по повышению квалификации депутатов областного маслихата, связанных с осуществлением депутатских полномочий и планирование расходов на повышение квалификации депутатов областного маслихата в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      16. Цель и предмет деятельности государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" является организационное, правовое, метериально-техническое обеспечение маслихата, его постоянных комиссий, оказывать помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      17. Полномочия:

      1) Права:

      1-1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию по вопросам деятельности областного маслихата;

      1-2) привлекать работников государственных органов и иных организаций для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение сессии областного маслихата, постоянных (временных) комиссий;

      1-3) направлять депутатские запросы, предложения, отклики, сообщение, жалобы в государственные органы и организации в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов и депутатских предложений;

      1-4) осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан;

      2) Обязанности:

      2-1) не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики;

      2-2) соблюдать интересы Республики Казахстан в обеспечении национальной безопасности;

      2-3) придерживаться общегосударственных стандартов, устанавливаемых в общественно значимых сферах деятельности;

      2-4) обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан.

      18. Функции:

      1) обеспечивать подготовку и проведение сессии областного маслихата на основе Плана работы маслихата, утвержденного областным маслихатом, а также по вносимым вопросам постоянными комиссиями и иными органами маслихата, депутатскими группами и депутатами, акимом области;

      2) обеспечивать принятие на сессиях областного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающие сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, принятых в пределах компетенции маслихата области и касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      3) обеспечение проведения юридической экспертизы нормативных правовых актов и государственной регистрации в органах юстиции решений маслихата, имеющие общеобязательное значение, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      4) обеспечение постоянного правового мониторинга в отношении нормативных правовых актов устаревших, коррупциогенных и неэффективно реализуемых норм права, принятых и (или) разработчиками которых является областной маслихат либо относящихся к их компетенции в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

      5) определение расходов на обеспечение деятельности маслихата, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

      6) обеспечивать организационно-техническое обеспечение проведения сессий областного маслихата, их онлайн-трансляцию и другие заседания областного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      7) обеспечение бесперебойного функционирования и своевременного актуализирования официального сайта областного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      8) размещение нормативных правовых актов, принятых областным маслихатом в средствах массовой информации в соответствии с Законом Республики Казахстан "О средствах массовой информации";

      9) размещение проектов нормативных правовых актов, разработчиком которого является областной маслихат, на интернет-портале открытых нормативных правовых актов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      10) обеспечивать разработку Плана работы областного маслихата и вносить его на рассмотрение сессии областного маслихата;

      11) обеспечивать разработку Медиа-плана областного маслихата;

      12) осуществлять подготовку заседаний постоянных комиссий, публичных слушаний, "круглых столов", рабочие поездки и т.п., анализировать, обобщать и своевременно представлять членам постоянных комиссий материалы по существу рассматриваемых вопросов, разрабатывать и согласовывать с председателями комиссий проекты постановлений комиссий;

      13) обеспечивать открытость и публичность работы депутатов постоянных комиссий через сайт областного маслихата, печатные и электронные СМИ, социальные сети;

      14) обеспечивать подготовку депутатских запросов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее-Закон) по итогам высказанных избирателями на встречах и приемах просьб, предложений, проблемных вопросов, а также при необходимости разрабатывать проект предложений депутата и вносить его в проекты областного бюджета, планы и программы развития области;

      15) обеспечивать защиту интересов областного маслихата в судебных органах;

      16) рассматривать обращения физических и юридических лиц по вопросам деятельности областного маслихата;

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа, коллегиальных органов

      19. Руководство государственным учреждением "Аппарат маслихата Павлодарской области" осуществляется председателем областного маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" задач и осуществление им своих функций.

      20. Председатель маслихата области является должностным лицом, работающим на постоянной основе.

      21. Полномочия председателя маслихата области:

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии областного маслихата;

      3) ведет заседание сессии областного маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам областного маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов;

      5) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      6) руководит деятельностью аппарата областного маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      7) регулярно представляет в областной маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие областного маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов областного маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии со статьей 24 Закона.

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий, иных органов маслихата и депутатских групп;

      12) представляет областной маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений областного маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) вносит на рассмотрение областного маслихата кандидатуры к назначению на должность председателя ревизионной комиссии области, а также предложение об освобождении их от должности;

      15) пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на сессии маслихата голоса депутатов разделяются поровну;

      16) в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата обласного маслихата;

      17) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат маслихата Павлодарской области" и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер.

      18) при отсутствии председателя областного маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий областного маслихата, работающим на постоянной основе;

      при отсутствии председателем областного маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата;

      19) выполняет иные полномочия, предусмотренные Законом, законодательством Республики Казахстан, регламентом и решением маслихата;

      22. Председатель областного маслихата определяет полномочия руководителя аппарата маслихата области в соответствии с действующим законодательством.

      23. Аппарат маслихата области возглавляется председателем маслихата области, избираемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      24. Взаимоотношение в государственном учреждении "Аппарат маслихата Павлодарской области" с трудовым коллективом определяется в соответствии с Трудовым Кодексом Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      25. Взаимоотношения между государственным учреждением "Аппарат маслихата Павлодарской области" и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного органа

      26. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      27. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат маслихата Павлодарской области", относится к коммунальной собственности.

      28. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Павлодарской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      29. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.