Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 "Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 51/4 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 134/14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.07.2024 № 134/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Қалалар мен елді мекендердің абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "1. Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      1-қосымша алып тасталсын;

      2-қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышындағы "2" саны алынып тасталсын;

      Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы И. Теренченко

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2023 жылғы
"11" қыркүйек
№ 51/4 шешіміне
қосымша
  Павлодар облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"14" наурыздағы
№ 220/21 шешіміне
2-қосымша

Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула мен қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды тұлғалар үшін елді мекендердің аумағын абаттандыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      3) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      3-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;

      4) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      5) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      6) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      7) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      7-1) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;

      8) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

      9) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      10) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және жеке немесе заңды тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

      2-тарау. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру

      3. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

      4. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      5. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

      6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

      7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.

      8. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.

      9. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.

      10. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.

      11. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгізу кезінде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.

      12. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.

      13. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

      14. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерге жүзеге асырылады.

      15. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылады және абаттандырылады.

      16. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған коммуналдық қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді және қалдықтарға арналған контейнерлерде (бұдан әрі –контейнер) жинақтауды қамтамасыз етеді.

      17. Коммуналдық қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) нормаларымен реттеледі.

      18. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      19. Контейнерлерге және контейнерлік алаңдарға тек коммуналдық қалдықтарды тастауға және жинауға жол беріледі.

      20. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.

      21. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

      22. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      23. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

      23-1. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.

      24. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.

      25. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.

      26. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады.

      Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

      27. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      28. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      28-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.

      29. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.

      29-1. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.

      30. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

      31. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.

      32. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.

      33. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.

      34. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      35. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      36. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.

      37. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 14 марта 2018 года № 220/21 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений Павлодарской области, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области"

Решение Павлодарского областного маслихата от 11 сентября 2023 года № 51/4. Отменено решением Павлодарского областного маслихата от 11 июля 2024 года № 134/14

      Сноска. Отменено решением Павлодарского областного маслихата от 11.07.2024 № 134/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Павлодарского областного маслихата "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений Павлодарской области, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области" от 14 марта 2018 года № 220/21 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5927) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции: "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области";

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции: "В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов" Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:";

      пункт 1 изложить в новой редакции: "1. Утвердить Правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области согласно приложению к настоящему решению.";

      пункт 2 исключить;

      приложение 1 исключить;

      в правом верхнем углу первого листа приложения 2 цифру "2" исключить;

      правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата И. Теренченко

  Приложение
к решению Павлодарского
областного маслихата
от "11" сентября 2023 года
№ 51/4
  Приложение 2
к решению Павлодарского
областного маслихата
от 14 марта 2018 года
№ 220/21

Правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов Павлодарской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", Типовыми правилами благоустройства территорий городов и населенных пунктов, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 и определяют порядок благоустройства территории населенных пунктов для всех юридических лиц независимо от их правового статуса и форм хозяйственной деятельности, физических лиц, а также должностных лиц, ответственных за благоустройство дворовых и общественных территорий.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) благоустройство – совокупность работ (по инженерной подготовке и обеспечению безопасности территории, устройству дорог, развитию коммуникационных сетей и сооружений водоснабжения, канализаций, энергоснабжения, устройству покрытий, освещению, размещению малых архитектурных форм и объектов монументального искусства, проектированию озеленения, снижению уровня шума, улучшению микроклимата, охране от загрязнения воздушного бассейна, открытых водоемов и почвы) и услуг (по расчистке, уборке, санитарной очистке, осушению и озеленению территории), осуществляемые в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства и нормального пользования по назначению, создания здоровых, удобных и культурных условий жизни населения;

      2) места общего пользования – это территории, объекты, которые доступны или открыты для населения;

      3) твердые бытовые отходы – коммунальные отходы в твердой форме;

      3-1) крупногабаритные отходы - отходы производства и потребления, являющиеся предметами, утратившими свои потребительские свойства (мебель, бытовая техника, сантехника и другие крупные предметы), размеры которых превышают 0,5 метра в высоту, ширину или длину;

      4) проезд – элемент дороги, обеспечивающий подъезд транспортных средств к жилым и общественным зданиям, учреждениям, предприятиям, объектам застройки внутри микрорайонов, кварталов, населенных пунктов;

      5) тротуар – элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном или арычной системой;

      6) уполномоченный орган – структурное подразделение местного исполнительного органа, осуществляющий функции в сфере регулирования коммунального хозяйства;

      7) организация – физическое или юридическое лицо, специализирующиеся в области благоустройства;

      7-1) специализированные организации – индивидуальные предприниматели или юридические лица, осуществляющие деятельность по сбору, сортировке, транспортировке, восстановлению и (или) удалению коммунальных отходов;

      8) маломобильные группы населения – лица пожилого возраста, с инвалидностью, испытывающие затруднения при самостоятельном передвижении, получении услуг, информации или ориентировании в пространстве, в том числе использующие детские коляски и (или) кресла-коляски;

      9) малые архитектурные формы – объекты декоративного характера и практического использования (скульптуры, фонтаны, барельефы, вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения);

      10) прилегающая территория – территория (в границах 5 метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и другим объектам, находящимся в собственности, владении, аренде, на балансе у физических или юридических лиц.

Глава 2. Благоустройство территорий городов и населенных пунктов

      3. Юридические и физические лица соблюдают чистоту и поддерживают порядок на всей территории, в том числе на территориях частных домовладений, не допускают повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода) городов и населенных пунктов.

      4. Текущее санитарное содержание местности осуществляется организациями, специализирующихся в области благоустройства территории.

      5. Физические и юридические лица всех организационно-правовых форм, в том числе владельцы капитальных и временных объектов:

      1) обеспечивают санитарное содержание и благоустройство отведенной территории за счет своих средств самостоятельно либо путем заключения договоров с организациями;

      2) бережно относятся к объектам любой собственности, информируют соответствующие органы о случаях причинения ущерба объектам государственной собственности;

      3) содержат в технически исправном состоянии и чистоте таблички с указанием улиц и номеров домов;

      4) содержат ограждения (заборы) и малые архитектурные формы в надлежащем состоянии (покраска, побелка с внешней стороны ограждения (забора).

      6. Уборка и содержание мест общего пользования включают в себя следующие виды услуг:

      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора и отходов;

      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;

      3) подметание;

      4) покос и вывоз камыша, бурьяна, травы и иной дикорастущей растительности;

      5) текущий ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм.

      7. Уборка территорий общего пользования, занятых парками, скверами, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами, в том числе расположенными на них тротуарами, пешеходными зонами, лестничными сходами производится физическими и юридическими лицами и субъектами закрепления территорий, у которых данные объекты находятся на обслуживании и эксплуатации.

      8. Собственники объектов обеспечивают санитарную очистку и уборку прилегающей территории (автостоянки, боксовые гаражи, ангары, складские подсобные строения, сооружения, объекты торговли и услуг) организациями коммунального хозяйства или же производят ее самостоятельно.

      9. Уборка тротуаров, расположенных вдоль улиц и проездов, остановочных площадок пассажирского транспорта производится организациями, ответственными за уборку и содержание проезжей части.

      10. Уборка и мойка остановочных комплексов и прилегающих к ним территорий на остановочных площадках общественного пассажирского транспорта, территорий платных автостоянок, гаражей, а также подъездных путей, прилегающей территории осуществляются их владельцами.

      11. Вывоз строительного мусора при проведении дорожно-ремонтных работ производится организациями, производящими эти работы.

      12. Во избежание засорения водосточной сети не допускается сброс мусора в водосточные коллекторы, дождеприемные колодцы и арычную систему.

      13. Владельцы и эксплуатирующие организации надземных инженерных сооружений обеспечивают санитарное содержание прилегающей территории в границах охранных зон инженерных сетей.

      14. Вывоз снега с улиц и проездов осуществляется на установленные места, определенные местным исполнительным органом.

      15. Места временного складирования снега после снеготаяния очищаются от мусора и благоустраиваются.

      16. Физические и юридические лица в результате деятельности которых образуются коммунальные отходы, обеспечивают их безопасное обращение с момента образования и складирование их в контейнеры для сбора коммунальных отходов (далее - контейнеры).

      17. Управление коммунальными отходами регулируется нормами Правил управления коммунальными отходами, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 декабря 2021 года № 508 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 26341).

      18. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта в соответствии с требованиями Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления", утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21934).

      19. В контейнеры и на контейнерные площадки допускается сброс и складирование только коммунальных отходов.

      20. Контейнеры после опорожнения обрабатываются дезинфицирующим раствором на местах или заменяются чистыми, прошедшими обработку на местах опорожнения.

      Места обработки контейнеров необходимо оборудовать установками для чистки, мойки и дезинфекции с подводкой горячей и холодной воды, организацией стока.

      21. Жидкие бытовые отходы и крупногабаритный мусор не подлежит сбросу в мусоропровод.

      22. Эксплуатацию мусоропровода осуществляет эксплуатирующая организация, в ведении которой находится жилой дом.

      23. Специализированные организации, эксплуатирующие контейнерные площадки и контейнеры в целях благоустройства территорий городов и населенных пунктов:

      1) обеспечивают санитарное содержание контейнерных площадок, контейнеров и прилегающих к ним территорий;

      2) производят своевременный ремонт и замену непригодных к дальнейшему использованию контейнеров;

      3) принимают меры по обеспечению контейнерные площадки и контейнеры регулярной мойки, дезинфекции, дезинсекции, дератизации против мух и грызунов.

      23-1. Не допускается складирование строительных и крупногабаритных отходов на прилегающей территории к контейнерным площадкам.

      Физические и юридические лица, производят самостоятельный вывоз строительных и крупногабаритных отходов в специальные отведенные места.

      24. Работники, осуществляющие транспортировку коммунальных отходов, незамедлительно производят уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров в специализированный транспорт.

      25. На вокзалах, рынках, в аэропорту, парках, зонах отдыха, на площадях, в учреждениях образования, здравоохранения, на улицах, остановках общественного пассажирского транспорта, у входа в торговые объекты устанавливаются урны для мусора. Урны устанавливаются на расстоянии не менее 50 метров одна от другой в местах массового посещения населения, во дворах, в парках, на площадях на расстоянии от 10 до 100 метров. На остановках пассажирского транспорта и у входов в торговые объекты устанавливается по две урны.

      26. Установка, очистка и мойка урн производятся организациями, эксплуатирующими территории, либо во владении или пользовании которых находятся территории. Очистка урн производится по мере их заполнения, но не реже одного раза в день.

      Мойка урн производится по мере загрязнения, но не реже одного раза в неделю.

      27. Территории городов и населенных пунктов при благоустройстве обеспечиваются оптимальными условиями и средствами доступа для всех категорий населения, включая маломобильные группы населения к местам общего пользования, жилого и рекреационного назначения, а также к объектам транспортной инфраструктуры в соответствии государственными нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства, утвержденных в соответствии с подпунктом 23-16) статьи 20 Закона.

      28. Все виды работ по благоустройству территорий городов и населенных пунктов, предусмотренные проектной (проектно-сметной) документацией, выполняются по утвержденным проектам. Данные виды работ осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

      28-1. При проведении строительно-монтажных работ, лица, проводившие данные работы за счет собственных средств восстанавливают первоначальные эксплуатационные качества поврежденного и (или) нарушенного благоустройства в течение тридцати календарных дней. При проведении строительно-монтажных работ затрагивающих покрытия дорог и пешеходных тротуаров, лица, проводившие данные работы восстанавливают первоначальные эксплуатационные качества поврежденного и (или) нарушенного покрытия из материала первоначального покрытия.

      29. Физические и юридические лица, в ведении которых находятся здания и сооружения, собственники зданий и сооружений обеспечивают своевременное производство работ по реставрации, ремонту и покраске фасадов указанных объектов и их отдельных элементов (балконы, лоджии, водосточные трубы), а также поддерживают в чистоте и исправном состоянии расположенные на фасадах информационные таблички, памятные доски. Производится световое оформление витрин магазинов и офисов, выходящих фасадами на улицы.

      29-1. Не допускается наклеивание и развешивание на зданиях, заборах, остановках городского пассажирского транспорта, опорах освещения, деревьях объявлений и информационных сообщений.

      30. Самовольное переоборудование фасадов зданий и конструктивных элементов не допускается.

      31. Включение наружного освещения улиц, дорог, площадей, набережных и иных освещаемых объектов производится при снижении уровня естественной освещенности в вечерние сумерки до 20 люкс, а отключение в утренние сумерки при ее повышении до 10 люкс по графику, утвержденному местным исполнительным органом.

      32. Элементы устройств наружного освещения и контактной сети, металлические опоры, кронштейны содержатся в чистоте, не имеют очагов коррозии и окрашиваются. Замена перегоревших светильников осуществляется соответствующими организациями.

      33. Вышедшие из строя газоразрядные лампы, содержащие ртуть хранятся в специально отведенных для этих целей помещениях и вывозятся на специальные предприятия для их утилизации. Указанные типы ламп на полигон не вывозятся.

      34. Вывоз сбитых опор освещения и контактной сети электрифицированного транспорта осуществляется владельцем опоры на основных магистралях незамедлительно, на остальных территориях, а также демонтируемых опор – в течение суток.

      35. Уполномоченный орган обеспечивает надлежащее состояние и эксплуатацию фонтанов находящийся в коммунальной собственности.

      36. Сроки включения фонтанов, режимы их работы, график промывки и очистки чаш, технологические перерывы и окончание работы определяются уполномоченным органом.

      37. В период работы фонтанов очистка водной поверхности от мусора производится ежедневно. Эксплуатирующие организации содержат фонтаны в чистоте также в период их отключения.