Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы "2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 255/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 187227 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы "11" желтоқсандағы № 317/4 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы "16" қазандағы № 255/3 қаулысына қосымша |
2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Кадрларды даярлау бағытының коды мен топтастыруы | Кадрларды даярлау бойынша клиникалық мамандықтар атауы | Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар, гранттар саны) | Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 |
7R011 | Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың | 1 | 1398900,0 |
2 |
7R011 | Кардиология ересектердің, балалардың | 12 | 1398900,0 |
4 | 1939900,0 | |||
3 |
7R011 | Неврология ересектердің, балалардың | 5 | 1398900,0 |
4 |
7R011 | Онкология ересектердің | 1 | 1398900,0 |
5 |
7R011 |
Ревматология ересектердің, | 2 | 1398900,0 |
6 |
7R011 | Ангиохирургия ересектердің, балалардың | 3 | 1398900,0 |
7 |
7R011 | Радиология | 5 | 1398900,0 |
8 |
7R011 |
Дене медицинасы және оңалту | 2 | 1398900,0 |
9 |
7R011 |
Гастроэнтерология ересектердің, | 1 | 1398900,0 |
10 |
7R011 |
Нефрология ересектердің, | 3 | 1398900,0 |
11 |
7R011 | Жалпы хирургия | 4 | 1398900,0 |
2 | 1939900,0 | |||
12 |
7R011 |
Нейрохирургия ересектердің, | 3 | 1398900,0 |
13 |
7R011 |
Офтальмология ересектердің, | 1 | 1398900,0 |
14 |
7R011 | Клиникалық лабораториялық диагностика | 1 | 1398900,0 |
15 |
7R011 | Сот-медициналық сараптама | 1 | 1398900,0 |
Барлығы: | 51 |