Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы "2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 255/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 317/4 қаулысы

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қазандағы "2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 255/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 187227 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
"11" желтоқсандағы
№ 317/4 қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
"16" қазандағы
№ 255/3 қаулысына
қосымша

2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Кадрларды даярлау бағытының коды мен топтастыруы

Кадрларды даярлау бойынша клиникалық мамандықтар атауы

Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар, гранттар саны)

Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

7R011
Денсаулық сақтау

Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың

1

1398900,0

2

7R011
Денсаулық сақтау

Кардиология ересектердің, балалардың

12

1398900,0

4

1939900,0

3

7R011
Денсаулық сақтау

Неврология ересектердің, балалардың

5

1398900,0

4

7R011
Денсаулық сақтау

Онкология ересектердің

1

1398900,0

5

7R011
Денсаулық сақтау

Ревматология ересектердің,
балалардың

2

1398900,0

6

7R011
Денсаулық сақтау

Ангиохирургия ересектердің, балалардың

3

1398900,0

7

7R011
Денсаулық сақтау

Радиология

5

1398900,0

8

7R011
Денсаулық сақтау

Дене медицинасы және оңалту
ересектердің, балалардың

2

1398900,0

9

7R011
Денсаулық сақтау

Гастроэнтерология ересектердің,
балалардың

1

1398900,0

10

7R011
Денсаулық сақтау

Нефрология ересектердің,
балалардың

3

1398900,0

11

7R011
Денсаулық сақтау

Жалпы хирургия

4

1398900,0

2

1939900,0

12

7R011
Денсаулық сақтау

Нейрохирургия ересектердің,
балалардың

3

1398900,0

13

7R011
Денсаулық сақтау

Офтальмология ересектердің,
балалардың

1

1398900,0

14

7R011
Денсаулық сақтау

Клиникалық лабораториялық диагностика

1

1398900,0

15

7R011
Денсаулық сақтау

Сот-медициналық сараптама

1

1398900,0

Барлығы:

51



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады