Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының № 1 хаттамасы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі Жолқұдық ауылындағы келесі көшелері:
"Центральная" көшесі "Тілеуімбет батыр" көшесі, "Гагарин" көшесі "Қазанғап би" көшесі болып қайта аталсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын;
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алғабас ауылдық округінің әкімі | А.Рұстемов |