Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 1-03/08 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының № 1 хаттамасы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі Жолқұдық ауылындағы келесі көшелері:

      "Центральная" көшесі "Тілеуімбет батыр" көшесі, "Гагарин" көшесі "Қазанғап би" көшесі болып қайта аталсын;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын;

      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алғабас ауылдық округінің әкімі А.Рұстемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады