Май ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2023 жылғы 03 қарашадағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 05.11.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Май ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2023 жылғы 03 қарашадағы жарияланған №3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысы Май ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын".
2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"Төтенше жағдай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қарыздарын материалдық залалдың орнын толтырмай, қаржы институттарымен қайта құрылымдау үшін жарияланады".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Май ауданының әкімі А. Әмірин