Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 05.11.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығының 2 бөлігінің 4- тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Май ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 18.10.2023 жылғы кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Павлодар облысы Май ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы құрағақшылық себебі бойынша аудан бюжетінен материалдық залады өтеусіз төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп тағайындаймын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Май ауданының әкімі | А. Әмірин |