Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Сатиев |
Қосымша Май ауданы әкімінің "___" ____ 2024 жылғы № ____ шешіміне |
Май ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Май ауданы әкімінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 1 шешімі "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Эталондық бақылау банкісінде ресми түрде жариялау 25 қаңтар 2024 жыл, № 192795).
2. Май ауданы әкімінің 03 қараша 2023 жылғы № 3 шешімі "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы". (Эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялау 2023 жылғы 08 қараша, № 187963).
3. Май ауданы әкімінің 13 қараша 2023 жылғы № 4 шешімі "Май ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2023 жылғы 03 қарашадағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. (Эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялау 2023 жылғы 14 қараша, № 188234).
4. Май ауданы әкімінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 5 шешімі "Павлодар облысы Май ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялау 2023 жылғы 22 қараша, № 188699).