"Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2/2 шешімі

      Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекет органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. Май аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 4/53 "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

  Май аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
25 сәуірдегі № 2/2
шешімімен бекітілді

"Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Май аудандық мәслихаты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқысы бар.

      7. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихаттөрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Көктүбек ауылдық округі, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 32/1 құрылыс.

      Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      Мемлекеттік органның толық атауы – "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района".

      10. Осы Ереже "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға істеуге тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      аудандық мәслихаттың сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

      аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеу міндеттерімен қамтамасыз ету;

      аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      өз өкілеттіктері шеңберінде "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету;

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимінде аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында трансляциялауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату;

      аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;

      қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      2) Міндеттері:

      ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

      ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;

      қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстану;

      азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      15. Функциялар:

      мәслихаттың аудандық мәслихат бекіткен Жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудан мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

      аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;

      мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, аудандық мәслихаттың сессиялары мен басқа да отырыстарын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;

      әзірлеуші аудандық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізеді;

      тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, "дөңгелек үстелдерді", жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну, комиссиялардың қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағаларымен келісу;

      аудандық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлейді және оны аудандық бюджеттің жобаларына, ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізеді;

      сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының өкілеттігі, алқалы органдардың мәртебесі

      16. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады.

      17. Аудан мәслихатының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.

      18. Аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

      8) аудандық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкіл болады;

      13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

      14) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады;

      15) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      16) "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      17) аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды;

      19. Аудандық мәслихаттыңтөрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихат аппараты басшысының өкілеттігін айқындайды.

      20. Аудандық мәслихаты аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын аудан мәслихатыныңтөрағасы басқарады.

      21. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.

      22. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района"

Решение Майского районного маслихата Павлодарской области от 25 апреля 2023 года № 2/2

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2023 в соответствии с пунктом 3 настоящего решения.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам реализации Послания Главы государства от 16 марта 2022 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", маслихат Майского района РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района".

      2. Отменить решение Майского районного маслихата от 16 октября 2019 года № 4/53 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района".

      3. Настоящие решение вводится в действие с 1 января 2023 года.

      Председатель Майского районного маслихата Хызыр М

  Утверждено
решением Майского
районного маслихата
от 25 апреля 2023 года
№ 2/2

Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата Майского района" Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат маслихата района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата Майского района, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района" утверждается в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Павлодарская область, 140800, район Павлодарская область, Коктубекский сельский округ, Майский район, село Коктобе, улица Аблайхана, строение 32/1

      Режим работы государственного учреждения:

      понедельник - пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      Полное наименование государственного органа – "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района ".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района " осуществляется из местного бюджета.

      12. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Майского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района".

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      обеспечение деятельности районного маслихата на сессиях, через постоянные комиссии и иные органы и депутатов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      обеспечивать принятие на сессиях районного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающие сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      обеспечение регулятивными задачами по нормативному правовому обеспечению реализации государственных функций, регистрации и ведению анализа исполнения нормативных правовых актов, принимаемых районным маслихатом;

      материально-техническое обеспечение деятельности депутатов районного маслихата;

      обеспечение в рамках своих полномочий организационно-технические и другие условия, необходимые для обеспечения доступа к информации о деятельности районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      обеспечение трансляции открытых заседаний районного маслихата, в режиме онлайн на интернет-ресурсе районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      обеспечение направлений предложений на повышение квалификации депутатов районного маслихата, связанных с осуществлением депутатских полномочий и планирование расходов на повышение квалификации депутатов районного маслихата в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, по вопросам деятельности районного маслихата;

      привлекать работников государственных органов и иных организаций для участия в подготовки вопросов, вносимых на рассмотрение районного маслихата и его постоянных (временных) комиссий;

      направлять депутатские запросы, предложения, отклики, сообщение, жалобы в государственные органы и организации в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов и депутатских предложений;

      осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан.

      2) Обязанности:

      не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики;

      соблюдать интересы Республики Казахстан в обеспечении национальной безопасности;

      придерживаться общегосударственных стандартов, устанавливаемых общественно значимых сферах деятельности;

      обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан.

      15. Функции:

      обеспечивать подготовку и проведение сессии районного маслихата на основе Плана работы маслихата, утвержденного районным маслихатом, а также по вносимым вопросам постоянными комиссиями и иными органами маслихата, депутатскими группами и депутатами, акимом района;

      обеспечивать принятие на сессиях районного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающие сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, принятых в пределах компетенции маслихата района и касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      обеспечение проведения юридической экспертизы нормативных правовых актов и государственной регистрации в органах юстиции решений маслихата, имеющие общеобязательное значение, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      обеспечение постоянного правового мониторинга в отношении нормативных правовых актов устаревших, коррупциогенных и неэффективно реализуемых норм права, принятых и (или) разработчиками которых является районный маслихат либо относящихся к их компетенции в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

      определение расходов на обеспечение деятельности маслихата, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

      обеспечивать организационно-техническое обеспечение проведения сессий районного маслихата, онлайн-трансляцию сессии и другие заседания районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      обеспечение бесперебойного функционирования и своевременного актуализирования официального сайта районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      размещение проектов нормативных правовых актов разработчиком которого является районный маслихат на интернет-портале открытых нормативных правовых актов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      обеспечивать разработку Плана работы районного маслихата и вносить его на рассмотрение сессии районного маслихата;

      осуществлять подготовку заседаний постоянных комиссий, публичных слушаний, "круглых столов", рабочие поездки и т.п., анализировать, обобщать и своевременно представлять членам постоянных комиссий материалы по существу рассматриваемых вопросов, разрабатывать и согласовывать с председателями комиссий проекты постановлений комиссий;

      обеспечивать открытость и публичность работы депутатов постоянных комиссий через сайт районного маслихата, печатные и электронные СМИ, социальные сети;

      обеспечивать подготовку депутатских запросов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" по итогам высказанных избирателями на встречах и приемах просьб, предложений, проблемных вопросов, а также при необходимости разрабатывает проект предложений депутата и вносит его в проекты районного бюджета, планы и программы развития района;

      обеспечивать защиту интересов маслихата в судебных органах;

      рассматривать обращения физических и юридических лиц по вопросам деятельности районного маслихата.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа, коллегиальных органов

      16. Руководство государственным учреждением "Аппарат маслихата Майского района" осуществляется председателем районного маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" задач и осуществление им своих функций.

      17. Председатель маслихата района является должностным лицом, работающим на постоянной основе.

      18. Полномочия председателя маслихата района:

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии районного маслихата;

      3) ведет заседание сессии районного маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам районного маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов;

      5) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      6) руководит деятельностью аппарата районного маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      7) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие районного маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов районного маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии со статьей 24 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее-Закон);

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий, иных органов маслихата и депутатских групп;

      12) представляет районный маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений районного маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на сессии маслихата голоса депутатов разделяются поровну;

      15) в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата районного маслихата;

      16) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат маслихата Майского района" и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер.

      17) при отсутствии председателя районного маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий районного маслихата;

      18) выполняет иные полномочия, предусмотренные Законом, законодательством Республики Казахстан, регламентом и решением маслихата;

      19. Председатель районного маслихата определяет полномочия руководителя аппарата маслихата района в соответствии с действующим законодательством.

      20. Аппарат маслихата района возглавляется председателем маслихата района, избираемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      21. Взаимоотношение между государственным учреждением "Аппарат маслихата Майского района" с трудовым коллективом определяется в соответствии с Трудовым Кодексом Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      22. Взаимоотношения между государственным учреждением "Аппарат маслихата Майского района" и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного органа

      23. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      24. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат маслихата Майского района" относится к коммунальной собственности.

      25. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Майского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат маслихата Майского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.