Павлодар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 6/57 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 181 бұйрығына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 тамыздан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнынан айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Шұғаев

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Павлодарскому району

Решение Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 10 августа 2023 года № 6/57

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов с 1 августа по 31 декабря 2023 года включительно – в размере 0,2 (ноль целых два десятых) месячного расчетного показателя от стоимости пребывания, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в городах и районах.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Павлодарского районного маслихата Ж. Шугаев