Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 181 бұйрығына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 тамыздан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнынан айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж.Шұғаев |