"Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 36/5 шешімі

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 97/14 "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешім жойылсын.

      3. "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      Ережені әділет органында тіркеу бойынша шараларды қабылдасын;

      осы шешімнен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
9 тамыздағы № 36/5
шешімімен бекітілді

"Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Успен аудандық мәслихатының (бұдан әрі – аудандық мәслихат) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Успен аудандық мәслихаты төрағасының өкімімен және "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппараты құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.

      9. Мәслихат аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000, Успен ауданы, Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71.

      Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сессияларда, тұрақты комиссиялар және өзге де органдар арқылы аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету;

      2) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеу міндеттерімен қамтамасыз ету;

      4) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      5) Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырушылық қамсыздандыруды жүзеге асыру;

      6) өз өкілеттіктері шеңберінде "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету;

      7) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимінде аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында трансляциялауды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      15. Құқықтары:

      1) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату;

      2) аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

      3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;

      4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      16. Міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

      2) аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      3) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      17. Функциялары:

      1) мәслихаттың аудандық мәслихат бекіткен жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;

      2) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудан мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

      4) аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;

      5) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету;

      6) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, аудандық мәслихаттың сессияларын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;

      7) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;

      8) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

      9) әзірлеуші аудандық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      10) аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету және оны аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізу;

      11) аудандық мәслихаттың Медиа-жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету;

      12) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларды, "дөңгелек үстелдерді", жұмыс сапарларын және көшпелі отырыстарды дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну, комиссиялардың қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағаларымен келісу;

      13) аудандық мәслихат сайты, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар, депутаттар жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;

      14) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлеу және оны аудандық бюджеттің жобаларына, ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу;

      15) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      16) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

3-тарау. "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі

      18. Мәслихат аппаратына басшылықты аудандық мәслихат төрағасы жүзеге асырады, ол бірінші басшы болып табылады және мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. Успен аудандық мәслихат төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.

      20. Успен аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттық сауалдардың және өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

      8) аудандық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкіл болады;

      13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау бойынша шараларды белгілейді;

      14) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады;

      15) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      16) мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      17) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды;

      Аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      21. Аудандық мәслихаттың төрағасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудандық мәслихаты аппарат басшысының өкілеттігін айқындайды.

      22. Мәслихат төрағасымен лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылатын және оның қол астында жұмыс істейтін аппарат басшысы мәслихат аппаратын басқарады.

      23. Аппарат басшысы:

      1) аппарат қызметкерлерінің қызметін жоспарлайды және түзетеді;

      2) аппараттағы құжаттарды ресімдеу және орындау мерзімдерін бақылайды;

      3) депутаттардың өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді;

      4) сессияларды, тұрақты комиссия отырыстарын және мәслихаттың басқа іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      5) мәслихат шешімдерін, сессияда айтылған сын ескертулер мен ұсыныстардың орындалуын бақылайды;

      6) қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар;

      7) бухгалтерлік есеп жүргізуді, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті сақтауды, негізгі қорларды, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу өткізудің белгіленген тәртібін, есептер мен төлем міндеттемелерін, шығынға жазудың заңдылығын сақтауды бақылайды;

      8) қызметкерлердің еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін сақтауды бақылайды, еңбек тәртібін нығайту және жұмыс уақытының шығыстары бойынша іс-шаралар әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды.

      24. Мәслихат аппаратының әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталады.

      25. Мәслихат аппараты мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. Мәслихат аппараты мен мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.

      Мәслихат аппараты мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік мүлік, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Мәслихат аппаратын қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Об утверждении положения коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района"

Решение Успенского районного маслихата Павлодарской области от 9 августа 2023 года № 36/5

      В соответствии с пунктом 2 статьи 40 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, статьей 7 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района" (далее – Положение).

      2. Отменить решение Успенского районного маслихата от 11 апреля 2022 года № 97/14 "Об утверждении положения коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района".

      3. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата Успенского района" в установленном законодательством порядке:

      принять меры по регистрации Положения в органе юстиции;

      принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего решения.

      4. Контроль за выполнением данного решения возложить на руководителя аппарата Успенского районного маслихата.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Успенского районного маслихата Ж. Бараисов

  Утверждено
решением Успенского
районного маслихата
от 9 августа 2023 года
№ 36/5

Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат маслихата Успенского района" (далее – аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение деятельности Успенского районного маслихата (далее – районный маслихат), оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Аппарат маслихата не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан, законодательством о государственном имуществе, постановлением правительства Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 703 "Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях", счета в органах казначейства в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжением председателя Успенского районного маслихата и приказы, оформляемые руководителем коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района".

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждается решением районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и другими законодательными актами Республики Казахстан.

      9. Местонахождение аппарата маслихата: Республика Казахстан, Павлодарская область, 141000, Успенский район, село Успенка, улица Қазыбек би, 71.

      Режим работы аппарата маслихата: понедельник – пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота – воскресенье.

      10. Полное наименование государственного органа – коммунальное государственное учреждение "Аппарат маслихата Успенского района".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата маслихата.

      12. Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.

      13. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями аппарата маслихата.

Глава 2. Задачи и полномочия коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района"

      14. Задачи:

      1) обеспечение деятельности районного маслихата на сессиях, через постоянные комиссии и иные органы, в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и другими законодательными актами Республики Казахстан;

      2) обеспечивать принятия на сессиях районного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающих сокращение местных бюджетных доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      3) обеспечение регулятивными задачами по нормативному правовому обеспечению реализации государственных функций, регистрации и ведению анализа исполнения нормативных правовых актов, принимаемых районным маслихатом;

      4) материально-техническое обеспечение деятельности депутатов районного маслихата;

      5) осуществление организационного обеспечения деятельности Общественного совета;

      6) обеспечение в рамках своих полномочий организационно-технические и другие условия, необходимые для обеспечения доступа к информации о деятельности районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      7) обеспечение трансляции открытых заседаний районного маслихата, в режиме онлайн на интернет-ресурсе районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      8) обеспечение направлений предложений на повышение квалификации депутатов районного маслихата, связанных с осуществлением депутатских полномочий и планирование расходов на повышение квалификации депутатов районного маслихата в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      15. Права:

      1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, по вопросам деятельности районного маслихата;

      2) привлекать работников государственных органов и иных организаций для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение районного маслихата и его постоянных (временных) комиссий;

      3) направлять депутатские запросы, предложения, отклики, сообщения, жалобы в государственные органы и организации в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов и депутатских предложений;

      4) осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан;

      16. Обязанности:

      1) обеспечивать соблюдение регламента районного маслихата в пределах своей компетенции;

      2) оказывать консультативно-методическую, информационную, организационно-техническую и иную помощь должностным лицам и государственным органам по вопросам, входящим в компетенцию районного маслихата;

      3) обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан.

      17. Функции:

      1) обеспечивать подготовку и проведение сессии районного маслихата на основе плана работы маслихата, утвержденного районным маслихатом, а также по вносимым вопросам постоянными комиссиями и иными органами маслихата, депутатскими группами и депутатами, акимом района;

      2) обеспечивать принятие на сессиях районного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающие сокращение местных бюджетных доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, принятых в пределах компетенции маслихата района и касающиеся прав, свобод и обязанностей граждан;

      3) обеспечение проведения юридической экспертизы нормативных правовых актов и государственной регистрации в органах юстиции решений маслихата, имеющие общеобязательное значение, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      4) обеспечение постоянного правового мониторинга в отношении нормативных правовых актов устаревших, коррупциогенных и неэффективно реализуемых норм права, принятых и (или) разработчиками которых является районный маслихат либо относящихся к их компетенции в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

      5) определение расходов на обеспечение деятельности маслихата, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями для осуществления депутатской деятельности;

      6) обеспечивать организационно-техническое обеспечение проведения сессий районного маслихата, онлайн-трансляцию сессии районного маслихата в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О доступе к информации";

      7) обеспечение бесперебойного функционирования и своевременного актуализирования официального сайта районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      8) размещение нормативных правовых актов, принятых районным маслихатом, в средствах массовой информации в соответствии с Законом Республики Казахстан "О средствах массовой информации";

      9) размещение проектов нормативных правовых актов, разработчиком которого является районный маслихат, на интернет-портале открытых нормативных правовых актов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      10) разработка плана работы районного маслихата и рассмотрение его на сессии районного маслихата;

      11) обеспечивать разработку Медиа-плана районного маслихата;

      12) осуществлять подготовку заседаний постоянных комиссий, публичных слушаний, "круглых столов", рабочих поездок и выездных заседании, анализировать, обобщать и своевременно представлять членам постоянных комиссий материалы по существу рассматриваемых вопросов, разрабатывать и согласовывать с председателями комиссий проекты постановлений комиссий;

      13) обеспечивать открытость и публичность работы депутатов постоянных комиссий через сайт районного маслихата, средств массовой информации, социальные сети;

      14) обеспечивать подготовку депутатских запросов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" по итогам высказанных избирателями на встречах и приемах просьб, предложений, проблемных вопросов, а также при необходимости разрабатывать проект предложений депутата и вносить его в проекты районного бюджета, планы и программы развития района;

      15) обеспечивать защиту интересов маслихата в судебных органах;

      16) рассматривать обращения физических и юридических лиц по вопросам деятельности районного маслихата.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района"

      18. Руководство аппаратом маслихата осуществляется председателем районного маслихата, который является первым руководителем и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своих функций.

      19. Председатель Успенского районного маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.

      20. Полномочия председателя Успенского районного маслихата:

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии районного маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии районного маслихата;

      3) ведет заседание сессии районного маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам районного маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях районного маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов;

      5) контролирует рассмотрение депутатских запросов и обращений;

      6) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      7) регулярно представляет в районный маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие районного маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов районного маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с пунктом 1 статьи 24 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий, иных органов маслихата и депутатских групп;

      12) представляет районный маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений районного маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на сессии маслихата голоса депутатов разделяются поровну;

      15) поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан";

      16) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в аппарате маслихата и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      17) выполняет иные полномочия, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", законодательством Республики Казахстан, регламентом и решением маслихата.

      При отсутствии председателя районного маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий районного маслихата или депутатом маслихата.

      21. Председатель районного маслихата определяет полномочия руководителя аппарата районного маслихата в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственной службе Республике Казахстан".

      22. Аппарат маслихата возглавляет руководитель аппарата, который назначается на должность и освобождается от должности председателем маслихата и работает под его непосредственным руководством.

      23. Руководитель аппарата:

      1) планирует и корректирует деятельность работников аппарата;

      2) осуществляет в аппарате контроль сроков оформления и исполнения документов;

      3) оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий;

      4) организует работу по подготовке и проведению сессий, заседаний постоянных комиссий и других мероприятий маслихата;

      5) контролирует за исполнением решений маслихата, критических замечаний и предложений, высказанных на сессиях;

      6) владеет правом первой подписи на финансовых документах;

      7) контролирует за постановкой и ведением бухгалтерского учета, соблюдением штатной, финансовой и кассовой дисциплины, соблюдением установленных правил проведения инвентаризации основных фондов, товарно-материальных ценностей, расчетов и платежных обязательств, законностью списания;

      8) контролирует за состоянием трудовой дисциплины и соблюдением работниками правил внутреннего трудового распорядка, разрабатывает мероприятия по укреплению трудовой дисциплины и потерь рабочего времени, контролирует их выполнение.

      24. Взаимоотношение между аппаратом маслихата с трудовым коллективом определяется в соответствии с Трудовым Кодексом Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      25. Взаимоотношения между аппаратом маслихата и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      26. Взаимоотношение между аппаратом маслихата и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируется действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района"

      27. Аппарат маслихата имеет право оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о государственном имуществе.

      Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      28. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.

      29. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района"

      30. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан, законодательством в сфере государственного имущества, государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств.

      При упразднении (ликвидации) аппарата маслихата имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в районной коммунальной собственности.