Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 22.08.2023 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 06 маусымдағы № 07-29/61 ұсынысы негізінде Талшық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ :
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Талшық ауылының Юбилейная, Біржан сал және Энергетиков көшесінде ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Қайыржанов |