Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 17 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 22.08.2023 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 06 маусымдағы № 07-29/61 ұсынысы негізінде Талшық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ :

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Талшық ауылының Юбилейная, Біржан сал және Энергетиков көшесінде ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Қайыржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады