Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 27 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 84 ұсынысы негізінде, Талшық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Талшық ауылының Юбилейная, Біржан сал және Энергетиков көшелерінде ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 08 маусымдағы № 17 шешімінің (2023 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Қайыржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады