Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 4 шілдесіндегі қорытындысы негізінде және Мамлютка қаласы халқының пiкiрiн ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының келесі көшелері:
Крупская көшесі Бірлік көшесі;
Пролетарская көшесі Береке көшесі;
Советская көшесі Достық көшесі;
Свердлова көшесі Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің міндетін атқарушысы |
А.Тайменова |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы |
Ж. Кәрімова |