Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 225 және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 11/5 бірлескен қаулысы мен шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 4 шілдесіндегі қорытындысы негізінде және Мамлютка қаласы халқының пiкiрiн ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының келесі көшелері:

      Крупская көшесі Бірлік көшесі;

      Пролетарская көшесі Береке көшесі;

      Советская көшесі Достық көшесі;

      Свердлова көшесі Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің
міндетін атқарушысы
А.Тайменова
      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының төрағасы
Ж. Кәрімова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады